Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
downloadPdfUmkd-9

естің физиологиялық теориясы
деп аталады. 
9-семинар 
Cеминар сабағының тақырыбы: : Сөйлеу туралы жалпы ұғым 
Сабақ жоспары: 
1.
Сӛйлеу туралы жалпы ұғым. 
2.
Сӛйлеудің түрлері мен қызметтері 
3.
Сӛйлеу процестерінің 4 түрі: айту, тыңдау, оқу, жазу. 
4.
Ойлау және проблемалық ситуация. Психологиялық-логикалық есептерді шешу 
Сабақ мақсаты:
Сӛйлеудің түрлері және формалары туралы түсінік беру. 
Сөйлеу және тіл.
Сӛз және оның мазмұны. Сӛйлеудің түрлері және формалары.
Сөйлеу
— адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сӛйлеу 
анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық 
қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сӛйлеу процесі айтылатын 
пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог 
түрінде айту, кӛпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мӛлшерін ескеру т. 
б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сӛйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі 
қалыптасады. Сӛйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, 
Сӛйлеу сол құралдын нақты қолданыста кӛрінетін түрі болып табылады. Сӛйлеуге тән 
қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б. 
Сөйлеу актісі (лат. actus) орыс. акт речи
— белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан 
сӛйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сӛйлеу 
әрекеті. Сӛйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат кӛзделетіндігі; қалыптасқан 
дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы 
Сӛйлеудің адамның ӛмірінде, іс-әрекетінде, қарым-қатынасында маңыздылығы. 
Сӛйлеудің физиологиялық негізі: перифериялық және орталық. Вернике және Брока 
орталықтары. Сӛйлеу және ойлаудың байланысы. Филогенез және онтогенез барысында 
сӛйлеудің дамуы. 
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор 
болады. Сӛйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық ӛзгерістерге түсіп, 
дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сӛйлеу аппараты жасалады. Осының арасында адам 


жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән- мағынасы бар сӛздерді айта 
алатын қабілетке ие болады. 
Тіл, сӛйлеу- ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой санасын дамытып жетілдіруге 
аса маңызды роль атқарады. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сӛйлеу деп 
атайды. Сӛйлеу –пікір алмасу процесінде жеке адамның белгілі тілдің пайдалануы. Біз сӛз 
арқылы ғана неше түрлі сӛздерді сыртқа білдіре аламыз. Сӛзді қабылдау және оны ұғыну бір-
бірімен тығыз байланыста. Сӛзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. 
Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. 
Адамға тән сӛйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сӛйлеу ӛзінің қызметін 
дұрыстап атұқара алмайды. Мұның біріншісі- сӛйлеудің мазмұндылығы, екіншісі, оның 
мәнерлігі. 
Сөздің мазмұндылығы дегеніміз
- екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Сӛздің 
мәнерлігі дегеніміз- адамның сӛйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір 
сӛйлемді ӛзінің сӛзімен айта алуы. Мысалы, біреуге сӛзді нақты, түсінікті етіп айтса, ол сӛзді 
түсінеді. Мәнерлі сӛйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. Сӛйлеу әрекеті 
тиісті анатомияның аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т.б.) 
дұрыс қызмет істеу қажет етеді. 
Сӛйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл 
біріншіден, сӛйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі 
дыбыстарды нәзік таңдаудан; екіншіден, сӛздік сигналдарының бӛлшектенген элементтерін 
байланыстырудан кӛрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сӛздің мәнін И.П. Павлов былай 
түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктерімізбен елестеріміз 
шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сӛйлеу 
органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер екінші сигналдар- 
сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, 
жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды». 
Француз ғылымы Брокка «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бӛлігінде (маңдай 
қыртысының тӛменгі жағында) адамның дыбыстап сӛйлей алуын басқарып тұратын нерв 
орталығы бар, ал сӛзді қабылдау кӛптеген анализаторлардың (кӛру, есту, қозғалыс т.б. ) 
бірлескен қызметін қажет етеді» дейді. 
Сӛзді қабылдау, оның мәнісіне түснуде мидың есту, кӛру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс 
зоналарының бірлескен қызметін реттеп отыратын сол жақ ми сыңарының тӛбе, самай, 
желке бӛліктерінің қызметі де ерекше. 
«Сӛйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән – мағынасы жақын болғанымен, 
ғылыми тұрғыдан олар бір- бірінен ажыратылады. Адам сӛйлеу арқылы қарым-қатынас 
жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым, жест, белгі, таңба арқылы бір-біріне ақпарат 
бере алады. 
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол кӛбінесе қоғамдық ғылымдарда 
(тарих, социология, этика, педагогика және т.б.) жиі қолданылады. Тіл – жеке адамның 
еңшісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс. 
«Сӛз» сӛйлеу жеке адамның ӛзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт 
адамдарда кӛрінеді. 
Сӛйлеу бірнеше түрлерге бӛлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сӛйлеу болып үлкен екі 
топқа бӛлінеді. 
Сыртқы сӛйлеу ауызша (бұл тілдің ең кӛп және кең тараған түрі) және жазбаша сӛйлеу 
болып, ал ауызша сӛйлеудің ӛзі диалог және монолог болып екіге бӛлінеді. 
Ауызша сӛйлеу- сӛйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның 
тӛңірегіне құрылады. 
Ауызша сӛйлеудің негізгі бір түрі - диалогтық сӛйлеу. Диалогтық сӛйлеу дегеніміз екі 
немесе бірнеше адамның тілдесуі. 
Монологтық сӛйлеу дегеніміз бір адамның сӛзі яғни баяндаманың лектордың сӛздері. 


Сӛйлеудің ерекше бір түрі - жазбаша сӛйлеу. Жазбаша сӛйлеу арнаулы әдістер арқылы 
меңгерілетін сӛйлеудің түрі. Жазбаша сӛйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге 
жеткенде, ауызша сӛйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды. 
Сөйлеу түрлері. 
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сӛйлеу формалары арқылы 
жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай 
сӛйлеу түрлі ерекшеліктермен кӛрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сӛйлеу бірнеше 
түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сӛйлеу болып үлкен екі топка жіктеледі. 
Сыртқы сӛйлеу ауызша (бұл тілдің ең кӛп және кең тараған түрі) және жазбаша сӛйлеу 
болын, ал ауызша сӛйлеудің ӛзі диалог және монолог. 
Ауызша сӛйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сӛздер 
болады. Актив сӛздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сӛздер. Пассив сӛздер тілімізде сирек 
пайдаланағын, мағынасына түсінгеімен күн сайын ашылмайтын сӛздер. Мұндай сӛздерге 
кӛбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сӛздер жатады. Актив сӛздің мол болуы 
адамның сӛйлеу рекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив 
сӛздері орта есеппсн 6000-7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың 
актив сӛздері 10000-13000 сӛзге жетін отырады. Мәселен, Шекспирдің сӛздік қоры 12000-дай 
болған. 
Сӛйлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сӛйлеу. Жазбаша сӛйлеу арнаулы әдістер 
арқылы меңгерілетін сӛйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түсиейді. Жазбаша 
сӛйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сӛйлеудің біршама 
дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет