жалпы ортақтығы және оның айырмашылығы ең алдымен олардың түткілерінің
ерекшелігінде.
Ойын іс-әрекеті мен еңбек әрекетінің арасындағы негізгі айырмашылық ӛз іс-әрекетіне
басқаша қатынасына байланысты.
Баланың мектепке келуі және ол үшін оқу іс-әрекетіне енуіне қарамастан,бала ойынын
тоқтатпайды.Дұрыс ұйымдасқан ойын бұрынғыша шәкірттің жағымды қасиеттерін
тәрбиелеуге ықпал етеді, ұжымды ұйымдастыруға, оны топтастыруға кӛмектеседі, достық
және жолдастық сезімдерді тәрбиелейді.
Қарым-қатынас туралы түсінік. Қарым-қатынас бұл - тіл арқылы пікір алмасу. Тіл
дегеніміз – адам қоғамының рухани ӛмірінде объективті ӛмір сүретін құбылыс. Тіл қарым-
қатынас қызметін атқаратын белгілер жүйесі және ой қаруы болып саналады. Сӛйлеу
дегеніміз –тілдің кӛмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Психологияда сӛйлеуді сыртқы
және ішкі деп екі формаға бӛледі. Сыртқы сӛйлеудің құрамына ауызша сӛйлеу (диалогты
және монологты) және жазбаша сӛйлеу кіреді.
Сӛйлеудің ең байырғы түрі- ауызша диалогтық сӛйлеу. Диалог дегеніміз- екі немесе
бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы. Монолог дегеніміз- бір адамның ӛз ойын,
білімін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы.
Іштей сӛйлеу – адамның ӛзімен-ӛзі сӛйлесуі.Іштей сӛйлеуде ой ағымы болады, әлдебір
шешім туындап, әрекет жоспарланады. Іштей сӛйлеу сыртқы сӛйлеу негізінде қалыптасады.
Қарым-қатынастың құрылымы: коммуникативтік, перцептивтік және интерактивтік.
Коммуникативтік жағы – мәліметтермен алмасу.
Перцептитік жағы – адамдардың бірін-бірі қабылдауы.
Интерактивтік жағы- адамдардың бір-бірімен араласуы.
Қарым-қатынастың түрлері:
1.Жеке бастық қарым-қатынас – достық, жолдастық, жақындық қатынастарды білдіреді.
2.Ресми қарым-қатынас – басшы мен оның қарамағындағылардың қарым-қатынасы.
3.Кӛпшіліктік қарым-қатынас – кӛпшілікпен араласу (мейрам, митинг және т.б.)
Қарым-қатынастың деңгейлері:
1.Макродеңгей –ең құнды қарым-қатынастар;
2.Мезодеңгей – бір немесе бірнеше рет деңгейдегі қарым-қатынас;
3.Микродеңгей- сәлемдесу, кӛз қысу, мимика және т.б.
Ең алдымен адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың атқаратын қызметтері
туралы қысқаша айтуды жӛн кӛрдік. Бұл қызметтер жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің
үш түрін атап кӛрсетуге болады: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік
және эффектілік-коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бӛліп
қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық ӛзара әрекет және адамдардың бір-бірін
түсінуі. Қарым-қатынастағы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың
коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сӛздің тар мағынасында коммуникация туралы
айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында ӛзара әртүрлі
елестетулермен, идеялармен, қызығулармен, кӛңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады.
Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады.
Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат
теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде
негізгі мәселелерге мән беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: