Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


-семинар  Cеминар сабағының тақырыбы: Тұлға туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
downloadPdfUmkd-9

4-семинар 
Cеминар сабағының тақырыбы: Тұлға туралы түсінік. 
Сабақ жоспары:
1. Жеке тұлғаның дамуында іс-әрекет пен қарым-қатынастың рӛлі. 
2. Жеке тұлға туралы теориялары.
3. Жеке тұлға типологиялары.
 
Сабақ мақсаты: 
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы жайлы түсінік беру. 


Жеке тұлға туралы жалпы түсінік.
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен 
саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның басты белгісі- оның 
әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы. Жеке тұлғаның ең 
маңызды белгілері оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. 
Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің кӛп ғасырлық тарихы бар. Жеке 
тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті, 
философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде ӛз жалғасын тапқан. 
(Э.Роттердамский, А.Я.Коменский, И.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, 
З.Фрейд, Л.С.Выготский, Э.Торндайк, т.б). Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз – адамның 
анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі оның жүйке жүйесі мен психикасының 
дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі оның кӛзқарасы мен 
сенімдердің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық ӛзгерістердің ӛзара тығыз 
байланысты процесі. Жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына әсер етуші факторлар мыналар: 
1.Тұқым қуалаушылық 
2.Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік). 
3.Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие. 
4.Тұлғаның іс-әрекеті 
Жеке тұлға теориясы – бұл адам бойында болатын ойлар мен гипотезалар 
жиынтығы.Бұл теория негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және 
алдын-ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлықты зерттеп 
қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді. 
Психодинамикалық теория. З.Фрейдтің (1856-1939ж.) психодинамикалық теориясы 
адамның мінез-құлқын психоаналитикалық қарым-қатынас арқылы зерттеуге негізделген. 
Жеке тұлғаның Эго теориясы (Эрик Эриксон)- бұл теория бойынша қоғамға және жеке 
адамдарға, олардың барлық ӛмірі бойында жеке басының қалыптасуы тепе-теңдік 
теориясына негізделген. 
Дж.Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967). Жеке тұлғаның когнитивтік 
теориясы бойынша адам бойында конструктивті заттар болады. Бұл арқылы ол қоршаған 
ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар 
сол адамның мінезін айқындайды. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет