Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет106/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

35
36
37
38
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты табыңыз.
Выберите наименее важную информацию по тексту.
А) Ежелгі туындылар сына жазуымен жазылған. 
В) Отырар қаласы «әлемнің екінші ұстазы» әл-Фарабидің отаны болған. 
С) Кітапхана каталогі Калиммахтың жетекшілігімен жасалынған. 
D) Александрия кітапханасының жанында көшірмешілер жұмыс істеген. 
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для первого абзаца.
А) Ежелгі грек әдебиетінің үлгілері 
В) Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі
С) Өркениет дамуына үлес қосқан ордалар 
D) Ежелгі грек ғалымдарының шығармалары 
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для второго абзаца.
А) Отырар кітапханасы 
В) Ірі кітапханалардың бірі 
С) Әлемнің екінші ұстазы 
D) Көне Отырар қалашығы 
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для третьего абзаца.
А) Қытай кітапханасы 
В) әл-Фараби шәкірттері
С) Қазақ мәдениетінің дамуы
D) Қазақ жеріндегі кітапхана


171
Оқылым бөлігі
Жұмекен Нәжімеденов тұлғалы талант. Ол қысқа өмірінің ішінде өшпейтін 
көркем туындылар қалдырды. Қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғала қалса, Жұмекенді 
ауызға алмай өту мүмкін емес. Ол сонау алпысыншы жылдардың өзінде-ақ жұрт 
назарына өзінің ақындық ерекшелігімен ілінді. 
Жұмекен Нәжімеденовтің ақын ретіндегі жемісті еңбек еткен кезі өткен 
ғасырдың 60-80 жылдары. Бұл кезең қазақ поэзиясының философиялық тұрғыдан 
тереңдеп, көркемдік жағынан әрлене түскен кезеңі. 
Жұмекен поэзиясы сан қырлы. Ақын поэзиясы бірден қалыптаса қалған жоқ. 
Өмірді шынайы бейнелеу жолында талай ізденіс соқпақтарынан өтті. Жігерлі 
талпыныс, бойға біткен табиғи талантты еңбекқорлықпен баптай білушілік оны 
майталман лирик дәрежесіне көтерді. Шығармашылық болмысындағы ерекшелік пен 
асқан шеберлігімен Жұмекен Нәжімеденов қазақ әдебиетінен өзіндік лайықты орнын 
алды. 
Ақынның лирикалық қаһарманы үлкен интеллект. Оның лирикалық қаһарманның 
ойлайтыны жеке бастың қамы емес, халық мүддесі. «Өлең сирена», - дейді 
Қадыр Мырзалиев. Жұмекен ақынның әр өлеңі ақын сезімінің сиренасы. Оның 
лирикалық кейіпкері әлем алдында, адамзат баласы алдында үлкен жауапкершілікті 
сезінеді. 
Ақын заман перзенті, сондықтан заман үнімен үндесе, заман ағымымен бірге 
болуы керек. Заманның әр сәт сайын қояр сауалына жауап беру әр қаламгердің 
азаматтық борышы. Жұмекен мұны терең сезінеді. Оның кез келген өлеңінен өмірге 
деген ерекше құштарлықты көретініміз осыдан. «Жүрегімде бір тамшы қан болса 
егер» деген өлеңімен үндесіп жататын «Соқ, сағат» атты топтама жырлардың 
мәні де ерекше терең. Ақын уақыт, заман, өмір туралы ой-сезімдерін бес өлеңге 
топтастырады. Ақын заманның құбылмалы мінезін дөп басып, дәл бағалайды. 
ХХ
ғасыр аласапыран төңкерістер, қаһарлы қақтығыстар, өсулер мен өшулер, 
жарылыстар мен жаңғырықтар, кереғарлықтар қаптаған, адам ойын талқандап, 
адам жүрегін тебіренткен ғасыр. Шиеленістер туындап, жаңалықтар ашылып, 
самғаулар мен шарықтаулар болып жатқан ғасырда ақын жайбарақаттық 
жасай алмады. Ол өзі де: «Тағы бір ғажайып түн өтті тек қана үлгірдім
құмартып», - деп зулап бара жатқан заман екпініне, уақыт жүрдектігіне ілесу 
қиын екендігін айтады. Оның лирикалық кейіпкері адал азамат атынан сөйлейді. 
Жұмекен поэзияның дәстүрлі төрт әлеуметтік, махаббат, табиғат, көңіл күй 
тақырыптарында қалам тербегені белгілі. Жұмекен Нәжімеденов қазақ лирикасын 
тақырыптық жағынан байытты, оның мазмұнын тереңдетті, пішінін жетілдірді, 
жанрлық жаңа белестерге биіктетті. Ол стиль жағынан да ешкімге ұқсамаса
оның лирикалық кейіпкері де өзгеше болмыс-бітімімен дараланған. Нәжімеденов 
алпысыншы-сексенінші жылдардағы қазақ лирикасының шындықты терең 
философиялық толғаныстармен бейнелеу тәжірибесін молықтыра, байыта түсті. 
Жұмекен Нәжімеденовтің поэмалары қазақ әдебиетіндегі дастаншылдық 
дәстүрді ілгері дамытқан, жаңалығы мол, мазмұны терең, пішіні сұлу сырлы
мұра қымбат қазына. 
Сонымен, Жұмекен Нәжімеденов қазақ әдебиетінде поэзиясымен де, прозасымен де 
қомақты орынға ие болды. Ол қазақ әдебиетіне ұшан-теңіз жаңалығымен келіп, 
оны шалқар байлыққа кенелткен ойшыл суреткер. 
5-мәтін


172
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Ж. Нәжімеденов қай жерде туылған?
В) Автордың қандай поэмаларын білесіз?
С) Жұмекен Нәжімеденов лирик ақын ба?
D) Ж. Нәжімеденовтың қандай прозалық шығармаларын білесің?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.
А) Оның өлеңдері орыс тіліне аударылды.
В) Ж. Нәжімеденов аударма саласында да еңбек сіңірді.
С) Заман сауалдарына жауап беру – әр қаламгердің азаматтық міндеті.
D) Ж. Нәжімеденов – еліміздің Әнұранының сөзін жазған авторларының бірі.
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) поэма, өлең, топтама, поэзия, уақыт
В) поэзия, ақын, азамат, заман, жаңалық 
С) поэма, поэзия, мүдде, лирика, замана
D) поэзия, талант, белес, талант, сирена
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Ол артына өшпес мұра қалдырды.
В) Ақын азаматтық борышын терең сезінді.
С) Қазақ поэзиясында ақынның өзіндік орны бар.
D) Ол алпысыншы жылдардың өзінде ақындық ерекшелігімен көрінді. 
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Жұмекен қандай тақырыптарда өлең шығарды?
А) әлеуметтік, махаббат 
В) әлеуметтік, табиғат, көңіл күй 
С) әлеуметтік, көңіл күй, махаббат 
D) әлеуметтік, махаббат, табиғат, көңіл күй 
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) ХХ ғасырдағы ірі оқиғалар суреттеледі.
В) Ж. Нәжімеденов өмірі туралы мәлімет беріледі.
С) Ж. Нәжімеденовтың шығармашылығы туралы ақпарат беріледі.
D) Ж. Нәжімеденовтың прозалық туындылары туралы ақпарат беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет