Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет79/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Оқылым бөлігі
Блок Чтение
Оқылым бөлігіне 
шолу
Алдын ала тест
Тест 
тапсырмаларын 
талдау
Қорытынды 
тест
III
тарау


123
Оқылым бөлігі
Оқылым бөлігіне шолу
Оқылым – бұл нақты бір тілдегі және басқа тілдегі жүйе бойынша 
графикалық таңбалар арқылы мағлұматты қабылдау және белсенді 
өңдеу үдерісі. Оқылым – сөйлеу әрекетінің репродуктивті түрі және тілдік 
тұлғаны қалыптастырудағы тілдік дағдыларының маңызды бөлігі. 
Оқылым бөлігіндегі тестілеу объектісі – мәтіннің жалпы мазмұны мен 
нақты ақпаратын оқып түсіну барысында тілдік білік-дағдыларының 
қалыптасу деңгейі. 
Орта деңгейдегі мәтін түрлері: сипаттау, баяндау, пайымдау
элементтері бар аралас мәтіндер, орта деңгейге сәйкес лексико-
грамматикалық материалдар негізінде арнайы құрастырылған мәтіндер. 
Мәтін тақырыптары әлеуметтік-мәдени саласында өзекті болып 
табылады. 
Жалпы Оқылым бөлігі тапсырмаларын орындау уақыты –
65 минут, бөлік бойынша тапсырма саны – 50. Тест тапсырмалары тілді 
меңгеру деңгейіне байланысты түрлене отырып, қиындай түседі. 
Оқылым бөлігінің орта деңгейінде:
- мәтін көлемі: 200-400 сөз;
- 1 мәтінге сәйкес тапсырмаларының саны: 7-12. 
Тестілеу арқылы орта деңгейде тіл қолданушының:
1) мәтін тақырыбын анықтау біліктілігі; 
2) мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша мағлұматты толық, нақты 
және терең түсіну; 
3) автор ойының бағытын, қорытынды және бағалауын түсіну біліктілігі 
тексеріледі. 
Орта деңгейдегі тест тапсырмаларының түрлері:
Қарапайым деңгейдегі 3 тапсырма түрі:
1) Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз;
2) Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз;
3) Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз;
базалық деңгейде қосылған 2 тапсырма түрі: 
4) Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз;
5) Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз (сұрақ – жауап)
және 5 тапсырма түрі қосылады: 
6) Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз;
7) Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз;
8) Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз; 
9) Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз;
10) Мәтіннің бірінші (екінші, үшінші) азатжолына дәлірек тақырыпша 
таңдаңыз.


124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет