Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет82/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

4
3
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. 
Найдите главные опорные слова в тексте.
А) Баянауыл, батыр, жылқы, күзету 
В) Баянауыл, аңыз, жылқы, жігіт, құтқару 
С) Кемпіртас, табиғат, аңыз, жігіт, шаршау
D) Жасыбай, ақсақал, кемпір, білек, жағаласу
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Баянауыл өлкесіне демалушылар жиі келеді.
В) Ұлттық саябаққа шетелдіктер өте жиі келеді.
С) Баянауыл табиғаты көркем, қойнауы аңызға толы өлке.
D) Баянауыл табиғатының әсемдігін көрген адам естен шығармайды.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Найдите ответ на вопрос, соответствующий тексту.
Аңыз бойынша кім ұрлық жасады?
А) күзетші 
В) бір жігіт
С) жас батыр
D) сиқыршы
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Белгілі тас – Кемпіртас туралы аңыз баяндалады.
В) Жылқышы жігіттің бастан кешкен оқиғасы баяндалады.
С) Баянауылдың табиғат сұлулығын аңызбен байланыстырады.
D) Ұлттық саябақтағы Кемпіртастың сұлу табиғаты суреттеледі.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее точный заголовок текста.
А) Кемпіртас – Көкшенің тауы 
В) Баянауыл саябағының тарихы 
С) Баянауылдағы Кемпіртас аңызы
D) Жасыбай жылқылары туралы аңыз
5
6
7


127
Оқылым бөлігі
Досым Балнұрдың отбасы шағын. Оның отбасында төрт адам бар. Олар: 
жолдасы, ұлы, қызы және өзі. Жолдасы Ермек сәулетші. Өзі қаржылық бақылау 
басқармасының бас маманы болып жұмыс істейді. Ұлы Әлішер бастауыш 
сынып оқушысы. Ол сабағын жақсы оқиды. Әлішер мектепке өзі барады. Қызы 
Нағима балабақшаға барады. Олар Алматы қаласында тұрады. Балнұр мен 
Ермек мемлекеттік қызметші болғандықтан, жақында мемлекеттік тұрғын үй 
бағдарламасы бойынша пәтер алды. 
Балнұрдың отбасы өте тату тұрады. Өйткені жақын туыс адамдар сыйлас 
болады. Жолдасы мен өзінің жалақылары жақсы, жалақыларын уақытылы алады. 
Олар отбасында күнделікті шығын мен жылдық шығынды үнемі есептеп отырады. 
Алматы қаласында пәтерақы төлемі қымбат. Балнұр мен Ермек ақшаны есеппен 
жаратып, тиімді жұмсайды. 
Ермектің ата-анасы Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданында тұрады. 
Атасы мен әжесі үнемі қаладағы немерелерін сағынып жүреді. Немерелері де
ата-әжелерін қатты сағынады. Атасы мен әжесі Алматыға келген сайын 
немерелеріне бағалы сыйлықтар ала келеді. 
Ермек пен Балнұр балаларын үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. 
Ұлы Әлішер қарындасы Нағимаға үнемі қамқорлық жасап жүреді.
Балнұрдың отбасы өте қонақжай. Олар өткен сенбі күні қоныстой жасады. 
Тойға бүкіл туған-туыстары мен дос-жарандары, әріптестері келді. Үй иелері 
келген қонақтарды төрге шығарып, сый-құрмет көрсетті. Балнұр ұлттық 
тағамдарды дәмді дайындайды. Ол дастарқанға шаймен бірге жылы-жұмсақ, тәтті
дүниелер қызыл күрең бауырсақ, анасы ауылдан алып келген ақ ірімшік, құрт, тіл 
үйірер балқаймақ, қазы-қарта, жал-жая, тәтті жент, жеміс-жидектер, тіпті 
буы бұрқыраған қуырдақ та қоса әкелді. Халқымыздың айран, шалап, қымыз, 
шұбат секілді дәстүрлі сусындары да қойылды. Дастарқан басында Балнұрдың 
әкесі бата берді. Өйткені қазақта асқа үлкен кісі бата қайырады. Дастарқанға 
ас қайыру үлкен ізеттіліктің белгісі. 
Балнұрдың отбасы үлгілі, қонақжай отбасыларының бірі. 
2-мәтін
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Жолдасы Ермек аулына қашан барды? 
В) Менің досымның отбасында қанша адам бар?
С) Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қашан пайда болды?
D) Алматы қаласы тұрғындарының күнделікті шығын мөлшері қандай?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.
А) Ата-әжесі қоныстойға шақырды.
В) Досым Шығыс Қазақстан облысында тұрады.
С) Досымның жолдасы басқарманың бас маманы.
D) Досымның бір ұл, бір қызы бар, олар мектепте оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет