Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет81/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Оқылым бөлігі
Оқылым бөлігі. Алдын ала тест
блок Чтение. Предварительный тест
1
Баянауыл көрікті аймақ. Ертегілер елі сияқты. Міне, осы өлкені отандық 
туризмнің орталығына айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің 
тарихынан сыр шертеді. Мұндай мекен отандық, шетелдік демалып келушілер 
үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жасыбайдың жағасында суға түсіп, құмға 
қыздырынған жан бұл өлкенің сұлу табиғатын ешқашан ұмытпайтыны ақиқат. 
Бұл аймақ туралы аңыздар да өте көп. 
Солардың бірі Кемпіртас туралы аңыз. Кемпіртас Баянауылдың ұлттық 
саябағындағы ең танымал тас. Ертеде жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше 
жылқы тұқымын өсіріпті. Бұл аттардың бағасы қымбат болыпты. Оларды ең 
батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетіпті. Алайда соған қарамастан, күнде 
бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті. 
Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі. 
Түн ортасында жер астынан түрі қорқынышты кемпір шығады. Ол жылқылардың 
ішіндегі ең семізін таңдап алып, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас батыр 
көргендерін ақсақалдарға айтып береді. Ол халқын сиқыршыдан құтқармақшы 
болады. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді. Кемпір жерден шығады да 
жігітпен жағаласа кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды. 
Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен, кемпірдің күші қайтады. Таң 
атқан кезде мыстан кемпір жердің астына түсіп үлгермейді. Таң арайлап атып, 
күн сәулесі жер бетіне шашылады. Сол мезетте мыстанның басы мен денесінің 
жартысы тасқа айналып, қатып қалыпты. 
Халық арасында айтылып жүрген аңыздың бірі осы.
1-мәтін
сыр шерту – 
поведать тайну, поделиться тайной
көздің қарашығындай – 
как зеницу ока
жағаласу – 
1) схватить друг друга за шиворот 2) подраться
1
А) Баянауыл тастары ертегілер еліне жетелей ме?
В) Баянауыл туралы аңыздарды жинастырып жүрген кім?
С) Шетелдік демалушылар үшін таптырмайтын мекен қайсы?
D) Баянауыл туралы жазылған қандай шығармаларды білесіз?
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
2
А) Баянауыл – Кемпіртастың ең биік шыңы.
В) Кемпіртас оқиғасын халыққа кең тарату қажет.
С) Баянауыл жылқыларының бағасы өте қымбат.
D) Баянауыл – демалуға арналған табиғаты сұлу аймақ.
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет