Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет92/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

11


145
Оқылым бөлігі
1) Мәтінде қазақ күйлерінің шығу тарихы туралы айтылады. Ол мәтін мазмұнындағы негізгі 
ойды білдіреді.
2) Мәтін мазмұнында қазақ халқының тарихи күйлері туралы жалпы ақпарат болғанымен, 
олар туралы жеке суреттелмейді.
3) Мәтінде қазақтың күйлерінің тақырыптары аталғанымен, әндері мен күйлері нақты 
сипатталмайды.
4) Мәтін мазмұнына сүйенсек, ХІХ ғасырдағы қазақ музыкасын зерттеушілер туралы 
айтылмайды.
А) Қазақ халқы
В) Қазақтың музыка мәдениеті 
С) Ән мен күй – қазақтың рухани байлығы
D) Домбыра – күй орындалатын аспаптың бірі
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок к тексту.
12
1) Мәтін мазмұнында жалпы қазақ халқы туралы емес, ән мен күйді сүйетін халық туралы
болғандықтан бұл тақырып мәтін мазмұнын аша алмайды, мәтінге тақырып емес.
2) Мәтінде жалпы музыка мәдениеті туралы емес, нақты күйлер туралы ғана ақпарат беріледі.
3) Мәтінде ән мен күйдің қазақтың рухани байлығы екендігі туралы ақпарат берілген.
4) Мәтінде домбыраның тек күй орындауға арналған аспап екендігі жайлы нақты бір ақпарат 
берілмеген.
А) Кербұға – Шыңғысханға суық хабарды домбырамен жеткізген күйші.
В) Қазақтар ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнімен айтқан.
С) Қазақ халқының музыкалық мәдениеті жылдан-жылға дамып келеді.
D) Қазақ – ән мен күйге құштар, музыкалық мәдениеті дамыған халық.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
13
1) Кербұға туралы ақпарат мәтіннің үшінші азатжолында бар, бірақ бұл мәтіннің негізгі 
ақпараты емес.
2) Мәтінде қазақтардың ән мен жырды домбыраға қосып әнімен айтқандығы туралы ақпаратқа 
тек қосымша ақпарат ретінде тоқталып өткен. Ол белгілі бір ойды қорытындылап тұрған жоқ.
3) Мәтінде қазақ музыкалық мәдениетінің қазіргі жағдайынан гөрі қалыптасқан ескі тарихына 
көбірек көңіл бөлінген. Сондықтан жылдан-жылға дамып келе жатқандығы туралы ақпарат 
мәтін мазмұнына сай келмейді.
4) Қазақтардың ән мен күйге, музыкаға құштар халық екендігін мәтін мазмұнында күй арқылы 
қазақтың өзен ағысы, теңіз толқыны, аққу мен бұлбұлдың әні, аттың жүрісі, сан алуан табиғат 
құбылыстарын салатынын айтып, оны бірнеше мысалдармен нақтылайды. 
А) Күй – қазақ халқының баға жетпес қазынасы.
В) Қазақтың тарихи күйлерінің бірі – «Ақсақ құлан».
С) Жошы – Шыңғысханның тұңғыш ұлы болып табылады.
D) Күй – әнге қосылмай, ұлттық аспаппен орындалатын жанрдың түрі.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по тексту.
14
1) Күйдің қазақ халқының баға жетпес қазынасы екендігі туралы мәлімет мәтіннің негізгі 
мазмұнын білдіріп тұр.
2) Қазақтың ежелгі күйлерінің бірі «Ақсақ құланның» шығу тарихы бабымен баяндалады және 
ол туралы ақпарат мәтін мазмұнына негіз бола алады.
3) Мәтінде Жошы Шыңғысханның үлкен ұлы екендігі туралы ақпарат негізге мазмұнға қосымша 
ақпарат ретінде берілгендіктен, маңызды бір ойды білдіріп тұрған жоқ. 
4) Қазақ күйлерінің әнге қосылмай, музыкалық аспаппен ғана орындалатын жанр екендігі 
туралы ақпарат маңызды ақпарат болып табылады. 


146
А) Күй – әнсіз туынды
В) Күй – музыкалық туынды
С) Күй – сан-салалы туынды
D) Күй – көп жанрлы туынды
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для второго абзаца.
15
1) Күй «әнге қосылмайтын», яғни әнсіз туынды деген тақырып екінші азатжолындағы ақпаратқа 
сәйкес келеді.
2) Мәтінде күйді музыкалық туынды деп айта алмаймыз, өйткені бұл ақпарат нақты емес.
3) Қазақ күйлері сан-салалы туынды деген ақпарат мәтіннің аталған бөлігінде қосымша 
ақпарат ретінде күйді суреттеу үшін берілген.
4) Мәтінде күйдің түрлі жанрлары туралы ақпарат қамтылмағандықтан оны тақырып етіп 
таңдай алмаймыз.
Өнерпаздар сайыстарының бір түрі халықаралық фестиваль. Біздің 
республикамызда осындай фестиваль дәстүрлі мереке болып есептеледі. Оларға 
әлемнің көптеген елдерінің дарынды өнер иелері қатысады. Қазақ сахнасында 
Жапон, Үндістан, Қытай, Малайзия сияқты елдердің әндері орындалады. Бәсекеге 
нағыз дарындар түседі. Фестивальда қазіргі қазақстандық әндер де сүйіспеншілікпен 
шырқалады. Қазақстандық әншілер де фестивальға белсенді қатысады. Халықаралық 
фестивальдар елімізде Астана, Алматы сияқты қалаларда жиі ұйымдастырылады. 
Олар сұлу саздың және адал достықтың мерекесі. Мұндай өнер сайыстарына 
қатысу үлкен абырой болып есептеледі.
«Азия даусы» халықаралық фестиваль. Фестивальға еліміздің және шетелдердің 
талантты жастары қатысады. Бәсекеге нағыз талантты дарын иелері түседі. 
Халықаралық музыка фестивалі «Азия даусы» өнерсүйер қауымды қуанта береді.
Ол әсем ән мен мың бұралған бишілердің, жалпы музыка өнерінің мерекесі. 
Мұндай өнер сайыстарына қатысу кімге де болса зор мақтаныш болып табылады. 
«Азия даусы» музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың 
жыл сайын Қазақстанда өтетін халықаралық байқауы. Бірінші рет 1990 жылы 
29 шілдеде Медеу мұзайдынының кешенінде өтті. Бұл сайыста бас жүлдені 
Өзбекстаннан келген «Карс» тобы жеңіп алды. 
Фестивальда қазіргі қазақстандық әндердің байқауы да өтеді. Таңдаулы қазақ 
әндеріне «Алтын домбыра» жүлдесі беріледі. «Алтын домбыра» жүлдесін алғашқы 
жылы Мақпал Жүнісова мен Нағима Есқалиева, 1997 жылы Роза Рымбаева жеңіп 
алды. «Азия даусы» байқауының Бас жүлде, алтын, күміс және қола бәйгесіне 
қоса Алматы қаласының әкімі, демеушілер тағайындаған әр түрлі ынталандыру 
сыйлықтары бар. Фестиваль Алматы қаласындағы Медеу мұзайдыны сахнасында 
жылына бір рет жазда өткізіледі.
4-мәтін
А) Мәтінде Медеу мұзайдынының келбеті суреттеледі.
В) Мәтінде дәстүрлі қазақ әндері туралы баяндалады. 
С) Мәтінде халықаралық фестиваль туралы ақпарат беріледі.
D) Мәтінде «Азия даусы» фестивалінің демеушілері туралы ақпарат берілген.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз:
Определите основную мысль текста:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет