142
Қазақта өнегелі өмірі үлгі боларлық аналар көп. Көш басында тұрған Домалақ
анадан бастасақ, беріректе Құнанбайдың әжесі Зере әжеміз, ұлт анасындай болған
Абай атамыздың анасы Ұлжан,
Шоқанның Айғаным әжесі, батыр атамыз
Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова апамыз секілді қазақ әйелдері
галереясын тізбектеп шықсақ, қазақта небір дана да дара аналарымыздың
болғанын көреміз. Үлгі боларлық аналар, қазақ әйелдері бүгінде аз емес. Әрине, мен
осы қазақтың ақылгөй аналарының қатарына өз анамды қосқым келеді. Өйткені
менің анам қазақтың қызы, қазақтың қарындасы, қазақтың жары, қазақтың
келіні, қазақтың анасы және қазақтың әжесі деген үлкен атты абыроймен, үлкен
жауапкершілікпен арқалап келе жатқан аяулы жан.
Анам көп жылдар
бойы ұстаздық қызмет етіп, қазір құрметті демалыстағы
жан. Еңбек еткен жылдарын, алдынан еліміздің сан түрлі болашақ маман иелерін
оқытып, білімді шәкірт тәрбиелеген кездерін қуанышпен сағына еске алып отырады.
Әлі күнге дейін анамның мектепте оқытқан шәкірттері келіп сәлем беріп, түрлі
мерекелерде құттықтап жатады. Сол кездері анамның қуаныштан жүзі жайнап,
шәкірттеріне риза болып отырады.
Менің анам биыл 70 жасқа толды. Наурыз айында үлкен мерекелік мүшелтойын
ұл-қыздары, немерелері, туған-туыстарының ортасында бәріміз бірге өткіздік.
Бір қыз, үш ұлды өсіріп, қазір олардан отыздан аса немере сүйіп отырған жайы
бар. Әкеміз өмірден ерте озғандықтан, біз анамыздың тәрбиесінде болдық. Жетпіс
жас бұл «адамның ардақ пен мадаққа ең лайық шағы»,- дейді қазақ. Анамның
өнегелі өмірі барлық қазақ қызы мен келіндеріне үлгі болса деймін.
2-мәтін
А) Дара да дана аналар туралы.
В) Қазіргі кезде үлгілі аналар аз емес.
С) Біз анамыздың мүшелтойын тойладық.
D) Менің анам
«ана» деген үлкен атқа лайық жан.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
6
1) Мәтін мазмұнында дара да дана аналар деп Зере әжеміз,
ұлт анасындай болған
Абай атамыздың анасы – Ұлжан, Шоқанның Айғаным әжесі, батыр атамыз Бауыржан
Момышұлының келіні – Зейнеп Ахметова апаларымызды көрсеткенімен,
мәтін мазмұны
автордың өз анасы жайлы.
2) Мәтіннің бұл жауабында қазіргі кезде үлгілі аналар көп екендігі туралы ақпарат негізгі ой
емес, ол сөз бастамасы ғана.
3) Мәтін мазмұны мүшел тойдың өтуі жайлы емес, той мәтінде тек қосымша ақпарат ретінде
беріліп, мәтіннің негізгі ойын білдірмейді.
4) Мәтінде «ана» деген атқа лайық деп және сол атты үлкен абыроймен арқалап келе жатқан
аяулы жан туралы ақпарат негізгі ойды беріп тұр. Мәтінде автор өз анасын мадақтайды.
А) Ер ана
В) Ұстаз ана
С) Анаға құрмет
D) Үлгі боларлық аналар
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для текста.
Достарыңызбен бөлісу: