Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет93/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

16


147
Оқылым бөлігі
1) Мәтін бойынша «Азия даусы» Медеу мұзайдынында өткені шынайы ақпарат, бірақ мәтінде 
мұзайдынының келбеті суреттелмеген. Мәтін халықаралық фестиваль жайлы.
2) Мәтінде «Азия даусы» халықаралық фестивалі туралы толық ақпарат берілген.
3) Мәтінде дәстүрлі қазақ әндерінің ерекшеліктері туралы баяндалмайды. Онда тек сол 
номинацияға жүлде тігілетіні айтылады.
4) Мәтінде «Азия даусы» байқауының жүлделерін тағайындау туралы ақпарат кездескенімен, 
фестиваль демеушілері туралы толық ақпарат кездеспейді.
А) Өнер байқаулары
В) Республикадағы мерекелер
С) «Алтын домбыра» жүлдесі
D) Халықаралық фестивальдар тарихы
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для текста.
17
1) Мәтінде «Азия даусы» халықаралық фестивалі өнерпаздардың бақ сынайтын жері екенін 
айтады. Фестивальдың ерекшелігі, фестиваль жүлдегерлері туралы, жалпы өнер сайыстары 
жөнінде ақпарат берілген. 
2) Мәтінде "Біздің республикамызда осындай фестиваль дәстүрлі мереке болып есептеледі" 
деген ақпарат берілген, басқа мерекелер туралы ақпарат жоқ. 
3) Мәтінде «Алтын домбыра» жүлдесі туралы қосымша ақпарат ретінде берілгендіктен бұл 
мәтінге нақтырақ тақырып бола алмайды.
4) Мәтін нақты «Азия даусы» фестивалі туралы, онда жалпы халықаралық фестивальдар 
тарихы туралы айтылмайды. 
А) «Азия даусы» – қазақ әншілерінің байқауы.
В) «Азия даусы» сайысы – халықаралық байқау.
С) «Азия даусы» фестивалі – қазақ әндерінің байқауы.
D) «Азия даусы» фестивалі – Медеу мұзайдынында өтетін байқау.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
18
1) Мәтін мазмұнына сүйенсек, «Азия даусы» фестивалі тек қазақ әншілеріне қатысты 
болмағандықтан, мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыға жатпайды.
2) «Азия даусы» халықаралық байқауы тапсырма шартына сәйкес мәтін мазмұнын нақтылайтын 
қорытынды бола алады. 
3) Мәтінде «Азия даусы» фестивалі – қазақ әндерінің байқауы деген ақпарат мәтін мазмұнын 
нақтылайтын қорытынды болып есептелмейді.
4) Мәтінде «Азия даусы» фестивалі Медеу мұзайдынында ғана өтеді деген ақпарат мәтін 
мазмұнын нақтылайтын қорытынды бола алмайды.
А) «Азия даусы» – өнер мерекесі.
В) «Азия даусы» – өнерсүйер елдің мақтанышы.
С) «Азия даусына» Өзбекстаннан келген «Карс» тобы қатысты.
D) «Алтын домбыра» жүлдесінің алғашқы жеңімпазы – М.Жүнісова.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее значимую информацию.
19
1) Мәтін мазмұнындағы «Азия даусы» өнер мерекесі деген жауап мәтіндегі маңызды ақпарат 
болып есептеледі. 
2) «Азия даусы» өнерсүйер елдің мақтанышы деген ақпарат мәтіндегі маңызды ақпарат болып 
табылады. 
3) Берілген жауап тапсырма шартына сай маңызды ақпарат болмайды, халықаралық байқауға 
басқа да топтар және өнер иелері қатыса алады.
4) Мәтінде «Алтын домбыра» жүлдесінің алғашқы жеңімпазы Мақпал Жүнісованың болғаны – 
маңызды ақпарат. 


148
А) Қазақ сахнасы
В) Қазақстандық әншілер
С) Елімізде өткен ән байқаулары
D) Фестиваль – өнер мен достықтың мерекесі
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий позаголовок для первого абзаца.
20
1) Мәтіннің бірінші азатжолында қазақ сахнасы туралы ешқандай ақпарат берілмеген. 
2) Мәтіннің бірінші азатжолындағы қазақстандық әншілер туралы ақпарат дәлірек тақырыпша 
бола алмайды. Себебі фестиваль – достықтың нышаны, оған барлық халықтың әншілері 
қатысады.
3) Мәтіннің бірінші азатжолында елімізде өткен басқа да ән байқаулары туралы ақпарат 
берілмеген. 
4) Мәтіннің бірінші бөлігінде халықаралық фестивальдің сұлу саздың және адал достықтың 
мерекесі екендігі туралы айтылады. 
Ұрпақ денсаулығына көп көңіл бөлген жөн, денсаулығы мықты білімді ұрпақ
еліміздің жарқын болашағы. Елімізде пайдалы қазбалар көп кездеседі. Қазақстанның 
басты байлығы мұнай. Қазақстанда мұнай өнімдерін өндіруші компаниялар өте 
көп. Олардың ішіндегі әлемге танымал атақтысы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық 
компаниясы. Мұнайдан жанармай алынады. Мұнайды өңдегенде зиянды газдар көп 
бөлінеді. Мұнай өндірісінің адам денсаулығына зияны көп болса, уран өндірісі де 
табиғатқа көп зиян келтіреді. Қалалардағы осындай түрлі зауыттар мен өндіріс 
орындарынан шыққан улы түтін де адам мен табиғатқа көп әсер етеді.
Денсаулық жақсы болу үшін уақтылы тамақтанып, құнарлы, дұрыс тамақ ішіп, 
оны күту керек. Денсаулыққа зиянды заттар есірткі, спиртті ішімдіктерден, 
шылым шегуден аулақ болған жөн. Ауру белгілері пайда болған жағдайда дер кезінде 
дәрігерге қаралып, емделу керек. Кез келген ауру адам денсаулығына қауіпті. Кейбір 
ауруларды дәрілік шөптермен де емдеуге болады. Спортпен айналысып, көп қимылдау 
керек, аурудың алдын алу керек. Елімізде құс тұмауы көп кездеседі. Бұл аурудың 
белгілері: тыныс алудың қиындауы, қатты жөтел, дене қызуының көтерілуі. Құс 
тұмауының алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге қаралып, емделу керек. Бұл аурумен 
ауырған адам өзін әлсіз сезініп, қимылы ауырлайды. Бүгінде ғалымдар құс тұмауынан 
сақтанудың жолдарын іздестіруде. 
Жеміс-жидектерді көп пайдаланудың адам денсаулығына пайдасы мол. Жер 
шарында алманың 36 түрі белгілі. Қазақстанда Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, 
қырғыз алмасы өседі. Алматы қаласында алма көп өсіріледі. Алманың денсаулыққа 
пайдасы зор. Алма денедегі тұздарды шығарады. Оның құрамындағы В2, В6, С, РР 
дәрумендері мен минералды заттар қан айналымына әсер етеді. Алманың құрамында 
темір көп болады. Адамдар жемістердің ішінде алманы көп пайдаланады. Алманың 
шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін дәрі ретінде қолданады. Алма ас 
қорыту мүшелерінің жұмысын жақсартады және қан құрамындағы холестеринді 
төмендетеді. Алма адамға қуат береді, ағзаның түрлі аурулармен күресуіне 
көмектеседі. Ауырған адамдарға да, сау адамдарға да алма жеу пайдалы. Барлық 
жеміс-жидектер адам ағзасына пайдалы, дәрумендерге өте бай. Жеміс-жидектерді 
жиі пайдалану керек. 
Ертеңгі ұрпақ болашағын бүгіннен ойлаған жөн. Ұрпақ денсаулығы өз қолымызда. Ол 
үшін Жер-Ананы, экологияны таза сақтауымыз қажет. Қала көшелерін көріктендіріп, 
қоқыстан тазартып, көшет, ағаш отырғызып, гүл өсіру керек. Өйткені тазалық
денсаулық кепілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет