Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы


-мәтін 151 Оқылым бөлігі



Pdf көрінісі
бет95/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

6-мәтін


151
Оқылым бөлігі
А) «Қазақстан» ұлттық телеарнасының қызметі сипатталады.
В) «Балапан» телеарнасының жетекшісі Жанар Шәмел туралы баяндалады. 
С) Өзінің және «Балапан» телеарнасының жұмысы туралы мәлімет берілген.
D) «Айгөлек» тасада жүрген жас таланттарды елге танытып, жол ашып береді.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
26
1) Мәтін мазмұны бойынша «Қазақстан» телеарнасының ашқан белгілі бір арнасы жайлы, ал 
жалпы ұлттық арна туралы мәлімет мәтінде қамтылмаған.
2) Мәтін мазмұнында «Балапан» телеарнасының жетекшісі Жанар Шәмел туралы айтылып 
өткенімен ақпарат негізгі ойды білдірмейді. 
3) Мәтін мазмұны бойынша Дәуреннің өз қызметі мен жұмыс істейтін «Балапан» телеарнасы 
туралы ақпарат мәтіннің негізгі ойын білдіреді. 
4) Мәтін мазмұны бойынша ұлттық арнадағы «Айгөлек» жобасы қазақстандық телеарналар 
туралы ақпарат қамтылғанымен, негізгі ақпарат емес.
А) Менің сүйікті жұмысым
В) «Қазақстан» телеарнасы
С) Менің мамандығым
D) "Балапан" телеарнасы
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для текста.
27
1) Автордың негізгі мақсаты 
– 
өзінің жұмыс орны туралы, жұмысы өзіне ұнайтыны туралы 
ақпарат беру. 
2) Мәтін «Балапан» телеарнасы жайлы болғандықтан, мазмұнындағы «Қазақстан» телеарнасы 
туралы ақпарат негізгі болып саналмайды. 
3) Мәтін мазмұнында автордың мамандығы туралы ақпарат бар, негізгі ақпарат емес.
4) Негізгі ой жалпы "Балапан" телеарнасы емес, сонда жұмыс істейтін қызметкер туралы.
А) Жанар Шәмел – "Балапан" телеарнасының жетекшісі. 
В) 2012 жылы балаларға арналған «Балапан» телеарнасы ашылады.
С) «Балапан» – балаларға қазақ тілін үйрететін негізгі арналардың бірі.
D) «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Әліппе» бағдарламасы ашылды.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
28
1) Мәтінде Жанар Шәмел туралы ақпарат бар, бірақ негізгі емес, мәтіннің жалпы мазмұнын 
ашпайды.
2) 2012 жылы «Балапан» телеарнасының ашылатындығы туралы ақпарат мәтін мазмұнын 
нақты болғанымен, мәтін мазмұнын қорытындылай алмайды. 
3) «Балапан» – балаларға қазақ тілін үйретуге арналған арна. Сондықтан, аталған ақпарат 
мәтіннің мазмұнын нақтылайтын қорытындыға жатады. 
4) Мәтін мазмұнында «Қазақстан» телеарнасында «Әліппе» бағдарламасының ашылғандығы 
туралы ақпарат кездеспейді.
А) «Балапан» – балаларға арналған телеарна.
В) Университетте журналистика факультеті бар.
С) Дәурен «Балапан» телеарнасында қызмет істейді. 
D) Алдағы мақсат – «Балапан» телеарнасын әр ауылға тарату.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
29
1) Бағдарламаның балаларға арналғандығы жайлы ақпарат мәтін мазмұнындағы маңызды 
ақпаратқа жатады.
2) Мәтінде журналистика факультеті туралы ақпарат берілгенімен, бұл ақпарат маңызды 
ақпарат емес. 
3) Мәтінде Дәуреннің телеарнада қызмет істейтіндігі туралы ақпарат маңызды болып тұр. 
4) Мәтінде телеарнаны әр ауылға тарату туралы ақпарат маңызды болып табылады. 


152
А) Ұлттық телеарна
В) Электронды ақпарат құралдары
С) Телеарна бағдарламалары
D) "Алақай, балақай!" хабары
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для третьего абзаца.
30
1) Мұнда ұлттық телеарнаның қызметі жайлы, қосымша айтылып өткендіктен, үшінші азатжолға 
ол тақырып бола алмайды.
2) Мәтіннің үшінші азатжолында "Балапан" телеарнасы электронды ақпарат құралдарының 
қатарына қосылған" деген ақпараттан басқа ақпарат жоқ. 
3) Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша бола алатын телеарна бағдарламалары 
туралы ақпарат бар.
4) Мәтіннің үшінші азатжолында тек қана "Алақай, балақай!" туралы емес, басқа да 
бағдарламалар туралы айтылған.
«Хабар» еліміздегі жетекші телеарналардың бірі. Осыған орай оған бүгінде 
артылатын жауапкершіліктің де салмағы ауыр. Ал министрлік агенттік тарапынан 
ұсынылған кез келген бастаманы қолдауға дайын», - деді Мәдениет, ақпарат 
және байланыс министрі. Келесі жылдан бастап «Хабар» агенттігі» Акционерлік 
қоғамын қаржыландыру айтарлықтай ұлғаятын болады. Алдын ала есеп бойынша ол
6 миллиард 200 миллион теңгені құрамақ. Бұл туралы Мәдениет, ақпарат және 
байланыс министрі «Хабар» агенттігі» Акционерлік қоғамының өкілдерімен болған 
кездесуінде мәлім етті. Министрдің сөзіне қарағанда, бұл қаржы агенттік өкілдері 
тарапынан білдірілген ұсыныстар негізінде әлі де болса пысықталмақ. 
«Бүгінде агенттікке артылатын жүк ауыр. Өйткені ол еліміздегі жетекші 
арналардың бірі. Агенттікке қарасты телеарналардың хабарлары Елбасының ұдайы 
назарында. Мемлекет басшысы агенттікке қарасты арналарды тек тамашалап қана 
қоймай, оған қаржылық тұрғыдан да үлкен қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, 2006 
жылы агенттікке берілген мемлекеттік тапсырыс 3 миллиард 900 миллион теңге 
болса, небәрі үш жылдан соң бұл көрсеткіш 5 миллиард 900 миллион теңгеге жетті. 
Бұл өте үлкен сома», - деді министр.
Қазақ тіліндегі хабарлары елу пайызға жетпейтін телеарналар заң жүзінде қатаң 
жауапқа тартылады. «Бәсекеге қабілетті қазақи ортаны қалыптастыру басты 
міндеттеріміздің бірі. Елімізде қазір өз тілін түсінбейтін бірде-бір қазақ жоқ. 
Бұл мәселені «Хабар» агенттігі басты назарда ұстағаны жөн», - деді министр. 
«Біз бүгінде телеарна саласындағы үлкен өзгерістерді күтіп отырмыз. Ол сандық 
телеарнаға көшумен байланысты мәселе. Қазір біз сандық телеарнаға көшуге қажетті 
шығындардың мөлшерін анықтау үстіндеміз», - дейді министр.
7-мәтін
А) Министрдің баяндамасы
В) Министрдің "Хабар" агенттігін қолдау
С) "Хабар" агенттігін қаржыландыру
D) «Хабар» - Қазақстандағы басты телеарналардың бірі.
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
31
1) Жалпы бүкіл мәтінде министрдің баяндамасынан үзінділер берілген, сондықтан бұл тақырып 
бірінші азатжолының тақырыбы деп айта алмаймыз.
2) Бұл ой бірінші азатжолының негізгі ақпараты емес.


153


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет