149
Оқылым бөлігі
А) Алманың Қазақстанда кездесетін түрлері сипатталады.
В) Қазақстанның экологиясын таза сақтау жолдары сипатталады.
С) Ұрпақ денсаулығын сақтау жолдары туралы баяндалады.
D) Адам ағзасына зиянды газдар мен олардың зияны туралы баяндалады.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
21
1) Мәтінде алманың Қазақстанда кездесетін түрлері туралы ақпарат берілгенімен, ол мәтінннің
негізгі
ойын білдіремейді, қосымша ақпарат ретінде пайдаланылады.
2) Мәтінде "экологияны таза сақтауымыз қажетті" деген сөздер бар, ал нақты сақтау жолдары
көрсетілмеген.
3) Мәтінде денсаулықты күту және жеміс-жидектердің адам азғасына пайдасы, ұрпақ
болашағы туралы ақпарат – негізгі ақпарат болып табылады.
4) Мәтін мазмұны бойынша адам ағзасына зиянды газдар туралы қосымша мәлімет беріліп
өткен.
А) Пайдалы қазбалар
В) Денсаулық – ұрпақ болашағы
С) Денсаулықты сақтау жолдары
D) Қазақстан денсаулық сақтау ұйымдары
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для текста.
22
1) Мәтін мазмұнында пайдалы қазбалар жайлы азырақ мәлімет қамтылған, бірақ ол мәтінге
тақырып болуға жарамайды.
2) Мәтін мазмұны бойынша денсаулыққа
зиянды нәрселерден қорғану, ұрпақ болашағы өз
қолымызда екені жайлы айтылған. Ол ақпарат мәтін мазмұнын толық қамтып тұр.
3) Мәтін мазмұнында денсаулықты күту керек екендігі, денсаулықты
сақтаудың жолдары
туралы пайдалы кеңестер берілген. Ол да мәтін мазмұнын толық ашып тұрған жоқ.
4) Мәтін мазмұнында Қазақстанның денсаулық ұйымдары туралы ешқандай ақпарат жоқ.
А) Тазалық – денсаулық кепілі.
В) Қазақстанда Сиверс алмасы көп кездеседі.
С) Денсаулығы жақсы ұрпақ – жарқын болашақ кепілі.
D) Тыныс алудың қиындауы – аурудың ең алғашқы белгісі.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
23
1) Мәтін мазмұны бойынша бұл қорытынды соңғы бөлігінде берілген, мәтіннің жалпы мазмұнын
нақтыламайды.
2) Мәтін мазмұны бойынша Сиверс алмасының елімізде кездесетіндігі жайлы ақпарат бар
болғанымен, мәтін мазмұнын қорытындыламайды.
3) «Денсаулығы мықты білімді ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы» деген ақпарат мәтін
мазмұнын нақтылай алады.
4) Мәтін мазмұнындағы тыныс алудың қиындауы аурудың алғашқы
белгісі екендігі туралы
ақпарат мәтін мазмұнын қорытындылай алмайды.
А) Адамның дені сау болу үшін оны күту керек.
В) Ұрпақ денсаулығы өз қолымызда.
С) Аурудың алдын алу керек.
D) Алманың 36 түрі бар.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
24
1) Бұл өте маңызды, негізгі ақпаратқа жатады.
2) Ұрпақ денсаулығы жөніндегі ақпарат маңызды болып табылады.
3) Мәтінде аурудың алдын алу керек деген ақпарат маңызды.
4) Алма түрлерінің саны туралы ақпарат қосымша берілген.
150
А) Еліміздің жарқын болашағы
В) Өндірістің денсаулыққа әсері
С) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
D) Қазақстанның басты байлығы – мұнай.
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзоголовок для первого абзаца текста.
25
1) Бұл тақырып бірінші азатжолының негізгі ақпараты емес, себебі Қазақстанның болашағы
баяндалмайды.
2) Бірінші азатжолының негізгі ойы
–
өндіріс орындарының адам ағзасына тигізетін әсері жайлы.
3) Бұл мекеме мысал ретінде келтірілген.
4) Мәтінде мұнай туралы ақпарат берілгенімен, бұл бірінші азатжолының
негізгі ақпараты
емес.
Менің аты-жөнім Айдарханов Дәурен. Менің мамандығым журналист. Маған
бұл мамандық бала кезімнен ұнайды. Мен 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіріп шықтым. Алғашқы
еңбек жолымды елімізде жаңадан ашылған «Балапан» телеарнасында журналистік
қызметтен бастадым.
Өзім қызмет атқаратын сүйікті телеарнам жайлы айтып өтсем,
бесіктен белi
шыққан кiшкентай нәрестеден бастап, тiлi былдырлап шыға бастаған балғындарды
экранның алдына жинайтын «Балапан» телеарнасының бiр артықшылығы өз
хабарларын тек қана мемлекеттiк тiлде таратады. Бұл әуелгi кезекте, баласы
қазақша тiл сындырмаған отбасыларға таптырмайтын тәрбиелiк құрал.
Қазақстанда электронды ақпарат құралының қатарына қосылған «Балапан»
телеарнасы таңғы оннан кешкi онға дейiн балаларға базарлық тарту етпек. Бұл
интеллектуалды жобаның жүзеге асуын «Қазақстан»
ұлттық телеарнасы өз
мойнына алып отыр. Балалар ендi «Алақай, балақай!» хабарымен бiрге оянатын
болады. Спорттық ойын-сауық бағдарламасының арқасында денелерiн шынықтырып,
бой сергiтiп алуға мүмкiндiк бар. Бүлдiршiндер телеарна арқылы ана тiлiнде әрiп
танып, шығармашылық қабiлеттерiн де шыңдай алады. Эфирде тұрақты түрде
«Әлiппе», «Ғажайыпстанға саяхат», «Айжұлдыз» сынды танымдық бағдарламалар
көрсетiлмек. «Айгөлек» тасада жүрген жас таланттарды ашса, «Шеберханада»
балалар түрлi өнерлердi игередi. Сонымен қатар үш пен он жас аралығындағы балаларға
арналған ұлттық мәдениет пен әдебиетке де қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа
байланысты хабарлар саны да дайындалыпты. «Балапан» телеарнасының жетекшiсi
Жанар Шәмелдiң айтуынша, «Балапанның» хабарларының бәрi де педагог-психолог
мамандардың
қатысуымен, балалардың жас ерекшелiктерi мен мiнез-құлықтарын
ескере отырып жасалады. Мұның сыртында әлемдiк балалар киносы мен анимациялық
фильмдердiң ең үздiк туындылары «Қазақстан» ұлттық арнасының дубляж бөлiмiнде
қазақша дыбысталып, ұсынылмақшы.
«Балапан» тек қазақ тiлiнде шығады. Ендi бiздiң алдымызда «Балапанды»
ғарыштық байланыс арқылы әр елдi мекенге, әр ауылға тарату мақсаты тұр. Маған
өз қызметім мен өзім қызмет жасайтын «Балапан» телеарнасы қатты ұнайды.
Достарыңызбен бөлісу: