Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет98/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Оқылым бөлігі
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок к тексту.
А) Досымның отбасы 
В) Әке – отбасының тірегі
С) Қазақ – қонақжай халық
D) Спорт – дене шынықтырудың кепілі
42
1) Мәтінде досы Сәлімнің отбасы туралы жан-жақты ақпарат берілген.
2) Мәтінде әкенің отбасының тірегі екендігі туралы ақпарат болғанмен, мәтіндегі негізгі
ақпарат қазақ отбасындағы әкенің рөлі туралы емес.
3) Мәтінде қазақ халқының қонақжай халық екендігі жайында ақпарат берілген, бірақ бұл 
ақпарат мәтінге нақты тақырып емес.
4) Мәтінде отбасы мүшелерінің спортпен шұғылданатындығы жайында ақпарат берілгенмен, 
бұл нақты тақырып болмайды. 
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
А) Досымның отбасы үлкен әрі тату. 
В) Әйелі Салтанат кітапханада істейді.
С) Ақниет – отбасындағы кенже ерке қыз.
D) Қоңырөлең – Панфилов ауданының орталығы.
43
1) Мәтінде Сәлімнің отбасы үлкен де тату екендігі туралы ақпарат берілген, әрі бұл ақпарат 
мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды бола алады.
2) Мәтінде Салтанаттың кітапханашы екендігі туралы ақпарат бар, алайда бұл ақпарат
мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды емес.
3) Мәтін мазмұнына сүйенсек, Ақниет отбасындағы кенже қызы емес, ерке қызы деген
қосымша ақпарат ретінде берілген.
4) Мәтінде Қоңырөлең Панфилов ауданының орталығы екендігі жайлы ақпарат жоқ.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
А) Сәлімнің отбасы үлгілі.
В) Сәлімнің ұлы – оқушы.
С) Қазақ – қонақжай халық. 
D) Ата-ананың орны ерекше.
44
1) Мәтін мазмұнындағы ақпарат Сәлімнің отбасы үлгілі екендігін көрсетеді, бұл өте маңызды 
ақпарат.
2) Мәтінде Сәлімнің ұлының оқушы екендігі жайлы ақпарат маңызды емес, қосымша ақпарат. 
3) Қазақ – қонақжай халық, даусыз бұл ең маңызды ақпарат. 
4) Қазақ отбасында ата-ананың орны ерекше, әрине бұл ақпарат маңызды емес деп айта 
алмаймыз.
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
А) Досым Сәлім
В) Қонақжайлылық 
С) Отбасы мүшелері
D) Отбасыдағы сыйластық 
45
1) Сәлім туралы ақпарат берілгенмен байланыс бөлімшесінің меңгерушісі деп, тек Сәлім 
жайлы емес, оның отбасы туралы да айтылады. 
2) Қонақжайлылық туралы ақпарат мәтіннің үшінші азатжолында берілген. 
3) Бірінші азатжолда Сәлімнің отбасы мүшелері туралы толық ақпарат беріледі.
4) Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас туралы ақпарат мәтіннің екінші азатжолында 
берілген.


158
Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық, музыкалық аспаптар жасау халқымыздың 
ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Сүйектен ойып әшекейлі бұйым 
жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін алыстан іздеп 
келетін болған. Қолөнер шеберлері ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, 
ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып өрнек салған. 
Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі ағаш төсек, 
кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан түрлі ыдыстар да дайындаған. Олар 
астау, тостаған, саптыаяқ, ожау сияқты ыдыстар жасаған. Мұндай әшекейлі 
заттар қазақтың баспанасы – киіз үйге ерекше сән беріп тұрған. Көздің жауын 
алатын әсем оюлар киіз үйдің сүйегіне де түсірілген. 
Осындай шеберлердің бірі Дүйсен ағай. Ол Алматы облысының Кеген ауылында 
тұрады. Дүйсен ағай жеке кәсіпкер. Оның ағаштан ұлттық бұйымдар жасайтын 
бірнеше шеберханасы бар. Оның бірінде төсек, сандық, кебеже жасалады. Оны 
ағайдың үлкен ұлы Қанат басқарады. Екінші ұлы Санат түрлі ою салынған киіз 
үй жасайтын шеберхананы басқарса, үшінші шеберханасын өзі басқарады. Онда 
ұлттық музыкалық аспап домбыра жасалады. 
Қазақтың музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішіне кең тараған екі, үш 
ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспабы ретінде ертеден белгілі 
болған. Қазақ жерлерінің әр өңірінде тұратын халық шеберлері домбыраны әр түрлі 
үлгіде жасаған. Домбыра жасауға қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты 
ағаштар пайдаланылған. Дүйсен ағай да домбыра жасау үшін осы ағаштарды 
пайдаланады. Ағай домбыраның шанағын бөлшек-бөлшек ағаштардан немесе сом 
ағаштан ойып жасайды. Шанақтың қақпағына қос ішектен дыбыс беретін тиек 
орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішектен екі немесе үш оралған пернелер 
тағылады. 
Домбыра қазақ музыка мәдениеті тарихында ел ішіне ең көп тараған аспап. 
Ол қазақ халқының тарихын паш ететін киелі музыкалық аспап. Үй ішінің 
біреуі домбыра шертпейтін отбасы қазақ арасында кем де кем. Сондықтан да 
Дүйсен ағайға келушілер саны өте көп. Олар еліміздің барлық аймағынан келеді. 
Олардың бірі домбыраны өз отбасына арнап жасатса, енді біреулері сыйға тарту 
үшін әзірлетеді. Тіпті халық арасында кеңінен танылған әнші-күйшілерге арнап 
жасататындар да бар. 
Дүйсен ағайдың отбасы қонақжай. Ол шеберханасына келген адамды жылы 
шыраймен қарсы алып, төрге шығарады. Келген қонақты төрге шығару қазақ 
халқының салты бойынша құрмет көрсетудің белгісі. Келушілер ағайдың отбасының 
қонақжайлығы мен шеберлігіне тәнті болады. Тапсырыс берушілер саны да жылдан-
жылға артып келеді. 
Шеберлер дәстүрі бүгінде жалғасын тауып келеді. 
Отандық кәсіпкерлер жасаған ұлттық бұйымдардың сапасы өте жақсы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет