156
Досым Сәлімнің отбасы үлкен. Олар Панфилов ауданындағы Қоңырөлең ауылында
тұрады. Сәлімнің отбасында жеті адам бар. Олар: әкесі, анасы, әйелі, қарындасы,
інісі және ұлы. Әкесі Мәлік мектепте мұғалім. Анасы Сара балалар дәрігері.
Әйелі Салтанат кітапханашы. Қарындасы Ақниет заңгер. Ол әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Қазір Ұлттық банкте заңгер болып
жұмыс істейді. Інісі Әлім Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
университетінің студенті. Ол президенттік шәкіртақы иегері. Досым Сәлім
байланыс бөлімшесінің меңгерушісі. Оның ұлы Әлішер бастауыш мектеп оқушысы.
Ол сыныбындағы озат оқушылардың бірі.
Қазақ отбасында ата-ананың орны ерекше. Әкені отбасының тірегі деп есептеген.
Сондықтан «Әке асқар тау, ана
бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы
құрақ», деп, әкені тауға, отбасының ұйытқысы ананы бұлаққа, баланы өсіп
келе жатқан құраққа, шөпке теңеген. Досымның отбасы да ата-анасын ерекше
құрметтейді. Сәлімнің әйелі Салтанат атасы мен енесін өз ата-анасындай жақсы
көреді. Оларға үнемі шын ниетімен қызмет етеді.
Қазақ қонақжай халық. Қазақтар дәмдісі мен жұмсағын қонағына сақтайды.
Сәлімнің отбасы да өте қонақжай. Үйлеріне келген қонақты сыйлап, құрметтеп
төрге шығарады.
Салтанат шебер аспаз. Ол ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды.
Салтанаттың пісірген бауырсағын бүкіл отбасы жақсы көреді.
Салтанат сиыр
сауып, айран ұйытады. Одан құрт-май жасайды. Әкелері Мәлік келінінің жасаған
жентін сүйсініп жейді. «Менің Салтанатымның жасаған женті бала күнімдегі
әжемнің жентіне ұқсайды», деп, келінін үнемі мақтап отырады. Отбасындағы
ерке қыз Ақниет те жеңгесін ерекше сыйлайды. «Ақ жеңгетай, маған да ас әзірлеуді
үйретсеңші», деп жеңгесінің жанынан қалмайды. Салтанат та өз білетінін
Ақниетке үйретуден еш жалықпайды.
Тәні саудың жаны сау. Отбасы мүшелерінің барлығы спортпен шұғылданады.
Олар таңертең ерте тұрып, спорттық жаттығулар жасайды.
9-мәтін
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Әке мен бала арасындағы татулық
В) Келін мен ата арасындағы сыйластық
С) Үлгілі отбасы мүшелері
арасындағы сыйластық
D) Сәлімнің отбасында ата-аналарын ерекше құрметтейді.
41
1) Әке мен бала арасындағы татулықты білдіретін ақпарат мәтіннің негізгі ойын білдіре
алмайды.
2) Мәтін мазмұнына сүйенетін болсақ, келін мен ата арасындағы сыйластық мәтін
мазмұнындағы негізгі ой болмайды.
3) Үлгілі отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты білдіретін ақпарат мәтіннің негізгі ой
болып табылады.
4) Мәтінде Сәлімнің отбасы мүшелері ата-аналарын ерекше құрметтейтіндігі туралы ақпарат
болғанымен, негізгі ойды білдірмейді.