Оспанкулов ернар ерланович


Сабақ №1  2-сынып. Пән – Дене шынықтыру



Pdf көрінісі
бет58/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77
Сабақ №1 
2-сынып. Пән – Дене шынықтыру. 
Тақырып
– Қазақ ұлттық мәдениеті элементтері негізіндегі ЖДЖ (жалпы 
дамыту жаттығуларын) орындату. 
Мақсаты – 
2-сынып оқушыларының қазақ ұлттық мәдениетінің 
элементтері бар ЖДЖ орындауға деген қызығушылығын арттыру және 
оқушылардың қозғалыс, ойлау, сөйлеу-коммуникативтік тәжірибесі арқылы 
түрлі қабілеттерін жетілдіру. 
Білімдік міндеттері: 
– қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар жалпы дамыту 
жаттығуларын үйрету; 
– ЖДЖ жүйесіндегі қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар
жаттығуларды өз бетімен орындауға дағдыландыру. 
Дамытушылық міндеттер: 
– 2-сынып оқушыларының өз бетімен қазақ ұлттық мәдениетінің 
элементтері бар жаттығуларын орындау дағдыларын дамыту; 
– 2-сынып оқушыларының сабақтан тыс кезде жеке өзі немесе достарымен 
бірігіп, қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар ЖДЖ-ны өз бетімен 
орындауға дағдыландыру. 
Тәрбиелік міндеттері: 
– қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар жалпы дамыту 
жаттығуларын өз бетімен орындауға дағдыландыру. 
– қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар ЖДЖ-ны өз бетімен 
орындауға ерік-жігерін, есте сақтау қабілетін тәрбиелеу.
 
– ұлттық патриоттық сезімін, ұлттық мәдени қазынаны болашаққа 
жеткізушілік жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
 

2-сынып оқушыларын мектепішілік тәртіпті орындауға тәрбиелеу;
 
– алдына қойған мақсатын басты мақсатына жетуге табанды болуын 
тәрбиелеу.
 
Көрнекіліктер:
слайд, компьютер, экран; олар болмаған жағдайда қағазға 
салынған спорттық жүрудің қимыл-қозғалыс суреттері, кестелер. 
Сабақтың барысы. 
Оқушыларды сапқа тұрғызу. 
Мұғалім:
Оқушылар, біз өз ұлтымыздың, яғни қазақ халқының ғасырлар бойы 
жинаған құнды мұрасынан да дене шынықтыруға қатысты жаттығуларды 
үйренуіміз керек. Біздің ата-бабамыз талай ғасырлар бойы өздерін, өсіп келе 
жэатқан ұрпақтарын дене жаттығулары арқылы шынықтырып, өмірдің түрлі 
салаларына дайындаған. Сол салалардың бірі – аңшылық. Қазақтардың ата-


120 
бабалары деп саналаты «Сақтар» деген халықтан қазіргі кезге жеткен мәдениет 
мұраларында «аң стилі» деген түсінік қалыптасқан. Слайдта көрсетілгендей, 
аңшылықтың қыр-сырлары, зергерлік мәдениетке ғана емес, дене мәдениетінде 
де өз таңбасын қалдырған.
Бүгін біздер аңшылыққа, аңдардың қозғалыстарына қатысты жаттығулар 
орындап үйренеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет