186
Қоректену блогы FastBrake контроллерінің логикалық тізбектері мен
электрмагниттік клапандар драйверлері тізбегінің ҥздіксіз жҧмыс істеуін
қамтамасыз етеді және екі бӛлек кернеумен қоректендіру 74 В блогы болып
келеді. FastBrake қоректену блогында мәліметтерді енгізу ҥшін RS-232
тізбектей порты орнатылған.
Қоректену блогы арнайы тізбек арқылы және пойыздық желі 13Т
арқылы локомотивтің екі аккумулятор батареяларынан 74 В кернеу алады.
Біріншілік қоректену блогы локомотивтің аккумулятор батареяларынан кіріс
кернеуін алады, оның шығысындағы кернеуі 24 В қҧрайды. Екіншілік
қоректену блогы пойыз желісінен 13Т кіріс кернеу алады, оның
шығысындағы кернеу 22,5 В кернеуді қҧрайды.
Ауа сүзгісі
Блоктың FastBrake ауа сҥзгісі №2 басты резервуардағы қысымды
басқаур электрмагнитті клапандарына келіп тҥсетін ылғалды жоюды және
ауаны сҥзгілеуді қамтамасыз етеді. «Басты резервуарды басқарудың
сҥзгіленген ауасы» деп аталатын бҧл ауа, ӛз кезегінде, тежеу жҥйесіндегі
қысымды басқаратын клапандарды басқару ҥшін қолданылады.
Кӛмекші тежеу және жіберу түйіні (IAR)
Кӛмекші тежеу және жіберу тҥйіні кӛмекші тежеу және жіберу (қҧбыр
тҥтік 20) қҧбыр тҥтігіндегі қысымды іске қосу (қҧбыр тҥтік 13) қҧбыр
тҥтігінде басқаруды қамтамасыз етеді
Қашықтан басқаруға арналған радиоаппаратура (DPR)
DPR аппаратурасы ВВК/HVC бӛлігінде орналасады.
Қашықтан басқаруға арналған радиоаппаратура экипажға сымсыз
байланыс кӛмегімен істен шыққан жетектегі локомотивтерді басқаруға
мҥмкіндік береді. DPR 15 вольтті қоректену блогы бар VHF/UHF (СВЧ
жиілігі бағдарламамен таңдалады) қабылдау-жіберу дуплексті қҧрылғысынан
тҧрады.
Шұғыл тежеу краны
Шҧғыл тежеу краны, немесе машинист кӛмекшісі краны, машинис
кабинасының машинист кӛмекшісі жағында орналасады. Қолмен ашылатын
бҧл кран шҧғыл тежеуді іске қосады.
Достарыңызбен бөлісу: