6
Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді
когнитивтік-семантикалық
талдаудың алгоритмін қалыптастыру күн тəртібіндегі мəселе екендігін
айтқан жөн. Когнитивтік құрылымдардың маңызы туралы барлығы
мақұлдаған ортақ түсінік əлі жүйеге түскен жоқ. Дегенмен де, бұл
жұмыста когнитивтік-семантикалық талдаудың үлгілерін
көрсетуге
талпыныс жасалды. Бұл ретте фразеологизмдерді когнитивтік талдау
əдістері қалыптасу кезеңінде деуге болады.
Қазақ фразеологиясының дискурстық сипатының ерекшеліктері
фразеологиялық неологиямен, деривациямен жəне фразеологизмдердің
пайда болуында тілдік тұлғаның рөлімен байланысты. Өйткені бұлар
үнемі динамикалық қалыпта көрінетін тілдік құбылыстар.
Ал қазіргі қазақ фразеологизмдерінің мəдени-қатысымдық дискурсы
күрмеуі көп жайттарды аңғартады. Фразеологизмдер – «бейнелі форму-
лалар». Оны түсіну мен «шешу» шағып тастайтын жаңғақ емес. Бұл ара-
да тіл жұтаңдығы – тіл экологиясына барып тіреледі. Талдау барысында
тілді тұтынушыларға берілген сауалнама нəтижелері пайдаланылды.
Концептілік ақпараттар тарихи фразеологизмдердің қойнаулары-
нан алынады. Олай болса, тарихи фразеологизмдер ұлт тарихына қатыс-
ты дерек көздері ретінде бағаланып, танымдық қасиетке ие болады.
Этнос тарихына қатысты фразеологизм компоненттерінде де ақпараттар
сақталған. Бұлардың бəрі – лингвоконцептология
қарастыратын
тілдік-құжатты мəліметтер деп саналады.
Фразеологиядағы парадигматикалық қатынастар автордың көп
жылғы зерттеулерінің нəтижесінде (осы салада кандидаттық қор-
ғаған шəкірттер ізденісі бар) семантикалық
категориялар ретінде
фразеологизмдердің варианттылығы, мағыналастығы, қарсы мəн-
ділігі,
көпмағыналылығы, омонимділігі деп жүйеленген-ді. Кітапқа
фразеологизмдердің синтагматикалық қатынастары туралы көкейде
жүрген ойлары енгізілді.
Түркі фразеологиясы туралы əр кезде айтылып жүрген
ой-пікір-
лерімізді мақсатты түрде əлемнің фразеологиялық бейнесіндегі ұлттық
ерекшеліктерді талдау барысында пайдаландық.
Сонымен, бұл монографияда қазақ фразеологиясын қазіргі
лингвистикалық парадигмалардың ғылыми өлшем талаптары бойынша
талдау көзделген. Атап айтқанда:
7
ÿ
фразеология пəні туралы жəне оның жарыспалы терминдерінің
бірізділігі жəне жаңа терминдердің қалыптасу үрдістері
ÿ
қазақ фразеологиясының зерттелу тарихы мен даму бағыттары
ÿ
фразеологияның қазіргі жағдайы мен əлемдік ғылымдағы даму
тенденциясы
ÿ
фразеологияның когнитивтік-семантикалық
аспектілері
ÿ
фразеологиялық мағынаның когнитивтік семасиологиядағы орны:
еркін сөз тіркестерінен тұрақты тіркеске – фразеологизмдерге өту жол-
дары
ÿ
когнитивтік фразеологияның құрылымы, концептілер
ÿ
фразеологизмдерді когнитивтік талдау тəсілі жəне фреймдік мо-
дельдеу тəсілдері
ÿ
фразеологияның дискурстық сипаты: фразеологиялық неология,
деривация, мақал-мəтелдер мен фразеологимздердің ара қатынасы, бай-
ланысы
ÿ
фразеологияның когнитивтік мəдени парадигмалары: фразеоло-
гизмдердің қалыптасуындағы ұлттық ұғым-түсініктер, фразеологиялық
менталдық
бірліктер, ұлттық интеллект
ÿ
фразеологизмдердің парадигматикалық жəне синтагматикалық
қатынастары
ÿ
əлемнің фразеологиялық бейнесі, түркі фразеологиясы, аударма
мəселелері, мəдениеттер
диалог