9
талданады). Ал коллакцияларда тұрақтылық
пен тиянақтылық бол-
ғандықтан фразеологиялық мағына бар деп есептейді. (Телия: 1996).
Орыс фразеологиясында бұл аталымдардан басқа,
фразеосхемалар
немесе
синтаксистік
фразеологизмдер
(
кеше де сол, бүгінде сол
)
ата-
латын типтері бар [Баранов, Добровольский: 2008].
Шетел зерттеушілері қазіргі кезде фразеологизмдерді нақты мəсе-
лелер бойынша,
атап айтқанда, фразеологимздердің
синтаксистік,
семантикалық ерекшеліктерін, дискурсивтік сипатын, прагматикалық,
əсіресе, олардың психологиялық қабылдану ерекшеліктерін қарастыруға
ден қойған. Бұл ретте соңғы бағыт – психолингвистикалық жəне когни-
тивтік психология қатты назарда.
Орыс фразеологиясында дəл қазіргі кезде лексико-фразеографиялық
жұмыстар қатты белең алды. Тек соңғы он жылдықта
тақырыптық,
түсіндірмелі, мəдени-танымдық
бағыттағы т.б.
көптеген сөздіктер
жарық көрді. Бұл ретте қазақ фразеографиясы көш кейін қалғаны рас.
Қазақ фразеологиясында фразеологизмдерге қатысты ең басты
терминдерінің өзінде бірізділік болмай, қазақ тіл білімінде түрліше
аталып жүр. Бұл жайт жан-жақты талдауды қажет етеді.
Тіл білімінің қай саласында болмасын қолданылатын терминдер іші-
нара ортақтығымен қатар, өзіндік зерттеу нысанына қарай ерекшеленіп,
атаулары да басқа болып келетіні заңдылық. Лингвисткалық терминдер
бір тамырдан сөз немесе атау ретінде таралса да, ол өсу, даму, толығу ба-
рысында жаңа бағыт, мағыналық сипат алып, салалық терминологиядағы
қызмет аясымен ерекшеленеді. Мəселен,
лексикологияның барлық
терминдерін түгелімен фразеологияға телуге болмайды. Əрине,
фразеологияның түрлі зерттеу бағыттарында
жалпы аталымдар өзге
де терминдер сияқты бірдей болып жатады. Мысалы, фразеологиялық
синонимдер, варианттар, антонимдер, компоненттер, этимология т.б.
сол сияқты бірсыпыра аталымдар ортақ ғылым салаларда қиысатыны
белгілі.
Егер қазақ фразеологиясының зерттелу тарихына көз жіберсек, əрине,
көптеген терминдер орыс тілінен ешбір өзгеріссіз алынған. Сондай-ақ,
аударылғандары жəне калькаланғандары немесе балама түрі тəрізді
қалыптасқандары бар .
Алдымен ғылым саласының атауы
фразеология
деген не сұрағына
келсек, бұрынғы анықтамалар бойынша мұнда пəн атының екі қызметі
10
бар болып шығады. Бірі – фразеологизмдерді
зерттейтін ғылым
саласының аты, екіншісі – фразеологизмдердің тұтас жиынтығының
аты. Осы арада логикалық қайшылық бар сияқты. Фразеология ғылым
саласының аты бола тұра, неге фразеологизмдердің тұтас жиынтық аты
болуы керек?
Logos
грек тілінде ілім (ғылым) деген мағынаны білдіретін-
діктен, бұл арада пəнді зерттейтін ғылым саласының атында көрінуі
тиіс. Өйткені лексикологияда сөздердің тұтас жиынтығы
Достарыңызбен бөлісу: