5
Осы еңбегімді аялуы анам
БƏТИМАХАННЫҢ
рухына арнаймын
АЛҒЫ СӨЗ
Монографияның осы екінші басылымына автордың соңғы жылдары
фразеологияға қатысты жазған мақалаларымен біраз толықтырулар ен-
гізілді.
Тіл мен мəдениет байланысындағы пəнаралық «мəңгі» мəселелердің
қайта жандануы ғасырлар тоғысында
қазақ фразеологиясына жаңа
ғылыми парадигмаларды алып келді: этно-мəдени – тілдік зерттеулер
бейнелі тіркестерді нысан етті. Соның нəтижесінде қазіргі тілтанымда
лингвомəдениеттанудың сипаттары мен ерекшеліктеріне қарай сезімдік-
эмоциялық əсер беретін коммуникативтік-прагматикалық аспектіде ког-
нитивтік фразеология белең алды.
Қазақ фразеологиясының тілдік деректері – фразеологизмдер, па-
ремиялар арқылы фразеологиялық лингвомəдениеттанымның ғылыми
өрісі когнитивтік зерттеулерге ұласты. Қазіргі гуманитарлық зерттеу-
лерде когнитивизм ұстанымдарының берік орнауы лингвомəдениеттану,
психолингвистка, прагмалингвистика жəне
когнитивтік лингвистика
пəндерінің өзара іштей байланыстары арқылы фразеологияда кешен-
ді пəнаралық жаңа бағыттарды қажет ететін саланы қалыптастырды.
Адамның күрделі таным əрекетінің нəтижесі - тіл болғандықтан, бұл
бағыттардың барлығы антропоцентрлік зерттеу нысанына айналды.
Когнитивтік фразеологияның жеке пəн ретінде оның мақсаты мен зерт-
теу əдіс-тəсілдері сараланып келеді. Қазақ фразеологизмдері «əмбебап
концептілер» мен «ерекше» концептілерді құрайтын тілдік мəртебеге ие
болған бірліктер деп танылады. Фразеологиялық мағынадағы концептінің
ең басты өлшемдері:
Достарыңызбен бөлісу: