Монография «Елтаным баспасы»


лексика , оны  зерттейтін, тексеретін ғылым –  лексикология



Pdf көрінісі
бет8/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

лексика
, оны 
зерттейтін, тексеретін ғылым – 
лексикология
. Мұнда ешкім лексика мен 
лексикологияны шатыстырмайды. 
Фразеология пəні туралы қазақ тілшілерінің анықтамалары мына 
тұрғыда: «…сөз байлығын тексеретін тіл білім саласын 
лексиколо-
гия
дейтін болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін саланы 
фра-
зеология
деп атау орынды, – деп жазады І.Кеңесбаев. [Қазақ тілінің 
фразеологиялық сөздігі 1977, 589 б.]. М.Балақаев: «Қазақ тілі сөздік 
қорының аса маңызды бөлшегінің бірі – фразалар мен идиомалар. Ол 
екеуін қосып 
фразеологизмдер
деп атаймыз [Қазақ əдеби тілі жəне тілдік 
норма. 1984, 170 б.].
Осыған орай, керісінше тілдегі 
фразеологизмдер
(орыс тілінде 
фразеологиялық единица немесе фразема деп те атайды) деген жиынтық 
ат болу керек те, ал 
фразеология 
тек пəнді зерттейтін ғылым саласы деп 
қана қолданылуы керек.
 Фразеологизм 
терминінің өзі қазақ тіліндегі 
ғылыми айналымда жарыспалы варианттармен аталып жүр.
«Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, 
құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік 
единица, əдетте, 
фразеологиялық оралым
деп аталады деген анықтама 
К.Ахановтың Тіл білімінің негіздері оқулығында бар [1993, 166 б.].
Ал 
фразема 
терминінің о баста шығу төркіні туралы түсінік бы-
лай. Орыс тіл білімінде фразеология туралы зерттеушілер, мəселен, 
В.Л. Архангельский 
фразема
немесе 
тұрақты фразалар 
деп, олардың 
өзгермелі компоненттеріне қарай, сөз тіркестеріне ұқсас тіркестерді 
фразеологиялық бірліктерден 
бөліп қарастырады. Н.Н. Амосова да 
фразеологиялық бірліктердің бір түрі деп, ағылшын тіліндегі: 
бақытты 
күн, ақ өлең 
т.б. фразеологиялық байлаулы мағынасы бар, алайда 
идиомдарға қарағанда компоненттері өзгермелі болып, басқа сөздермен 
тіркесімділіктері болады дей келе, оларды 
фраземалар 
деп атайды 
[Проблемы фразеологии. С. 104. С. 131]. 


11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет