№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты


Экскурсияда көрсетудің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет10/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Байланысты:
Экскурсия Лекция

2.Экскурсияда көрсетудің ерекшеліктері: 
1.
Автобус сағатына 60-70км жылдамдықта келе жатқанда объектілерді 
көрсету. 
2.
Автобус ақырын келе жатқанда объектілерді көрсету. 
3.
Объектті автобус тоқтаған кезде көрсету, бірақ экскурсанттар 
автобустан шықпайды. 
4.
Объектті автобус тоқтаған кезде және экскурсанттар автобустан 
шыққан кезде көрсету. 
Экскурсияның көрсету тәсілдері бірнеше түрге бөлінеді:
2.
Экскурсиондық объектті алдын – ала көрсету тәсілі
– бұл тәсіл 
экскурсанттар объектің қасында тұрғанда қолданылады. Алдын-ала көрсету 
тәсілі келесі мәселелерді қарастырады: 
1) қарастырып жатқан объектінің тарихын және
сонымен байланысты тарихи оқиғаларды алдын-ала
қарастырады; 
2) экскурсиондық объектке баға беру, әсіресе ол
архитектуралық ескерткіш болса; 
3) экскурсиондық объект табиғи ескерткіш
болса, қоршаған табиғатқа баға беру;
Бұл тәсілде экскурсанттар өздері экскурсоводтың көмегісіз объекті 
қарастырады. Алдын-ала көрсету тәсілі 2 түрге бөлінеді: 
1)
объектті көрсету ақпаратпен бірге
жүргізіледі; 
2)
объекті көрсету ақпаратсыз жүргізіледі. 
3.
Панарама тәсілі
– экскурсанттарға объекті биіктіктен
көруге мүмкіндік береді. Панарамалық тәсілде экскурсанттар бір ғана 
объектті емес, бірнеше объектті қарастырады. Экскурсоводтар панарамалық 
тісілде көптеген объекттің ішінде негізгі объектілерді таңдап алып, 
экскурсанттанрға көрсетеді. 
4.
Реконструкциялық тәсіл
– экскурсиялық объектілерді экскурсовод 
алғашқы түрін сөзбен айтып жеткізеді. Бұл тәсіл соғыстар, қозғалыстар, 
революция болған жерлерде көрсеткенде қолданылады, соған қоса 
ескерткіштерді, ғимараттарды және мекемелерді көрсеткен кезде 
қолданылады. Экскурсовод туристік объектілерді көрсетудің алдында өзі сол 
объектің толық мінездемесін білу керек. Ғимараттарды көрсеткен кезде 
объектілердің сақталған бөліктерін көрсетіп, жетіспеген бөліктерін сөзбен 
айтып жеткізу керек. Егер объект толығымен жойылған болса, бұл кезде 
экскурсовод өзінің портфелінің көмегімен сол объектің мінездемесін беру 


керек. Егерде ескерткіштер, ғимараттар және туристік объектілер жойылған 
болса, олардың ежелгі көрінісі қандай болғанын айтып жеткізуі керек. Егер де 
танымал адамдардың өмірбаяны болса, олардың қай жерде тұрғанын және қай 
салада қызмет көрсеткені туралы айтып беру керек. Бұл тәсіл негізі 
архитектуралық ескерткіштерді көрсеткенде қолданылады. 
5.
Монтаж тәсілі
. Бұл тәсіл реконструция тәсіліне ұқсас келеді. 
Монтаждық тәсілдің көмегімен экскурсовод бір объектті көрсеткенде басқа 
бір объектпен немесе бірнеше объектілерді мысалға келтіреді. Монтаж тәсілін 
қолданған кезде экскурсовод экскусанттарға сол объект туралы толық ақпарат 
береді. 
6.
Локализация тәсілі
бойынша туристтердің назарын бір объектіге 
немесе сол объектінің бір бөлігіне көңіл аударады. 
7.
Обстрогирование
тәсілін қолданып экскурсовод объекттің бөліктерін 
экскурсанттардың ойында мысал ретінде келтіреді. Бұл тәсілдің көмегімен 
экскурсовод объекттің керек емес бөліктерін көрсетпей тек қана экскурсияның 
тақырыбын ашуға көмектесетін бөліктерін көрсетеді. 
8.
Салыстыру 
тәсілінде экскурсовод бір объектіні басқа бір объектімен 
салыстырады. Салыстыру тәсілінің міндеті – объектің ерекшеліктерін көрсету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет