№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет13/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
Экскурсия Лекция

№5 дәріс 
Тақырыбы
Экскурсияны дайындау әдістемесі
 
Дәріс мақсаты: 
Студенттерге осы тақырып бойынша теориялық білімдерін 
жетілдіріп, оны тәжірибеде қолданудың аясын кеңейту
 
Жоспар:
1. Экскурсияны дайындаудың негізгі кезеңдері олардың бірізділігі және 
өзара байланысы.
2.Экскурсия маршрутын құрастыру.
1. Экскурсияны дайындаудың негізгі кезеңдері олардың бірізділігі 
және өзара байланысы.
Жаңа экскурсияны дайындау үшін бірнеше мақсаттарды қарастыру керек: 
1.
Бизнес жоспар
­ экскурсиялық жұмыстың негізгі құжаты. Бизнес 
жоспарда экскурсияның жаңа тақырыптары, экскурсияға берілген уақыты 
және әртүрлі нұсқаулары қарастырылады. Бизнес жоспарды жазу үшін 
туристік нарықты зерттеу керек. Туристік нарық зерттелген соң туристік 
фирманың меңгерушісі бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта туристік фирманың 
қызметкерлеріне жаңа экскурсияның орындалу уақыты, мақсаты және жаңа 
экскурсияға жауапты адамды тағайындайды. Жаңа экскурсияны жасайтын 
адамдар анықталған соң, экскурсаводтар тақырып бойынша ақпараттарды 
жинайды. Жаңа экскурсияларда көрсетілетін объектілерді таңдайды және 
экскурсия маршрутын қарастырады. 
2.
Жаңа экскурсияның мақсаты мен міндеттері анықталады.
Экскурсияның негізгі мақсаты ­ туристерді археологиялық, архитектуралық, 
тарихи, мәдени және әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиялық 
ұйымның негізгі мақсаты ол ­ табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымды, 
ақпаратты және табысты болу керек. Осы мақсаттарға жету үшін келесі 
міндеттерді атқару керек: 
1)
экскурсанттарды туған аумақтың табиғатымен, тарихымен және
архитектурасымен таныстыру керек.
2)
жаңа экскурсияның негізгі міндеттері ­ экскурсияның мақсатына жету 
және экскурсияның тақырыбын ашып жеткізу. 
3
. Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдау

Қазіргі кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі талаптардан
тұрады: 1)потенциалдық сұраныс 2) нақты экскурсия. 
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Мысалы:бір экскурсиялық 
объекті таныстырғанда, сол мәліметтерін тақырыпқа байланыстыру керек. 
Экскурсияның аты тақырыпқа байланысты болу керек.
Экскурсия атының мақсаты ­ экскурсанттарды қызықтыру. 
4. Экскурсияға қажетті ақпараттарды таңдап алу. Экскурсияға қажетті
ақпараттар 2 түрге бөлінеді: 1) негізгі 2) қосымша 
Экскурсияға қажетті ақпараттарды кітапханалардан, музейлерден, газет- 
журналдардан, интернеттен және архивтерден алуға болады. Музей ­ ғылыми 
зерттеуші және ағарту мекемесі. Музейде мәдениет және табиғи 
ескерткіштерді зерттеу және сақтау мақсатымен ұйымдастырылады.


5. Экскурсиялық объектілерді таңдау. Экскурсиондық объектілар келесі 
түрлерге бөлінеді:
1) тарихи
2) табиғи 
3) археологиялық 
4) архитектуралық 
5) мәдени 
6) құжаттық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет