№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет56/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Экскурсия Лекция

Бұлқыншақ 
- жылқы терісінен жасалатын ыдыс. Бүлқыншакты жасау үшін жылқы сойғанда артқы 
санының терісін шашасына дейін мес қылып бітеу сойып алады. Содан соң терінің көк етімен шелін 
тазартып, сан жағын арасына шүберек салып, (оны үшың деп атайды) тарамыспен немесе 
жылқының қүйрық кылымен тігеді. Тігіс бүлқыншақтын түп жағына келеді. Терінің сирек түсына 
келетін тар жағына лайық ағаштан тығын жасалады да, ішіне күл толтырып, тығындап көлеңкеге 
кептіреді. әбден кепкен тері қатып көңге айналады. Содан соң күлін төгіп тастап, ыдысты ыстайды. 
Әрі қарай ыдысты шаймен, жуып ішіне бірнеше күн ашыған айран қүйып қояды. Оны "шикі дәмін" 
алу деп атайды. Одан кейін пештің ысын жинап алып, оны суға шылап теріні біраз уақыт соған 
салып қояды. Оны "күрымдау" дейді. Содан соң ыдыстың ішіне қайнаған, сүйық май қүйыи шайқап 
алып, әрі қарай пайдалана беруге болады. Бүлқыншакты кереге басынын бауына іліп қояды. Салт 
атпен жүрғенде ердің алдыңғы касына ілінеді, немесе қол қанжығага байланады. Бүл ыдыс айран, 
шалап, қойыртпақ қүюға өте ыңғайлы. 
3.Қазақ халқының ұлттық қол өнер түрлері мен дәстүрлері: 
Қазақтың қолөнері халықтың ұлттық құндылығы болып табылады. Олар халықтың күнделікті 
өмір тіршілігіне қажетті болып келеді,әліде қзымет ете бермек. Көшпенді халықтардың қол 
өнеріндегі өзіндік-ерекшелік қол өнер бұйымдарының барлық түрлері мен нысандарының барынша 
әрекеттілігі.
Көшпелі тұрмыс ортасында қажетсіз затқа орын да болмаған. Зергерлік бұйымдардың өздеріне 
де олардың қасиеттілік – рәміздік түсіндірмелі тұрғысынан жан-жақты әрекеттіліктің таңбасы 
басылған болатын. Отырқшы халықпен салыстырғанда көшпенділер қандай нысанда болмаса да 
«нысапсыз ысырапшыл» бола алмаған. Сондықтан да сәндік-қолданбалы өнердің көркем тілі өте 
қысқа да нұсқа.


Халықтың қолөнерге әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке 
қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегін (кереге, уық, шаңырақ), ағаш кереует, кебеже, 
сандық жасау, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқу, арқан-жіп есу, көннен және 
илеулі теріден қайыс таспа тілу, өрімдер өру, қолдан әр алуан ыдыс-аяқтар, алтыбақан, асадал, бесік 
жабдығы және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі 
нақыштарымен әшекейлейтін болды. Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондағы 
қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді. Ертеден біздің заманымызға дейін 
сақталған мазарлар мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып 
жасалған діңгектер – халықтық қолөнердің тамаша туындылары. 
Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру,шақпаққа қу жасап, оны тұтанғыш ету, бейіт, 
қорған, мешіт және т.с.с. салған балшықты қыл, жүн, шөп-шалам араластырып илеу тәсілдері де өте 
ертеден-ақ халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған ақыл-айлалар. Батырлық пен 
саяхатшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен босмойын, аңшыларға 
қажетті құстың тұғыры мен томағасы, балдағы мен балақ бауы сияқты көптеген жабдықтар да қазақ 
халқының тұрмыс салтына, кәсібіне байланысты туғандығы сөзсіз. 
Мал шаруашылығында желі, көген, шылбыр, ноқта, бұршақ, көген, құрық, бұғалық, тұсамыс, 
өре, шідер, кісен, қада, дере, ер-тұрмандарды да халық даналығы ойлап тапты. Зергерлік, кестешілік, 
оюшылық, өнерді дамытты. Құмнан, тастан, саздан (керамика) ыдыс-аяқтар, мүйізден, сүйектен, 
мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз 
сияқты музыка аспаптарын жасайтын халық өнерпаздары болды. 
Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы – қайыс 
өру, қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары болды. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш 
ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданады. Сондықтан 
қолөнері «ер адамдарға тән іс», «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлінеді. Мысалы, тастан, 
балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр 
жұмысты ер адамдар атқарады. Кесте төгу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру оюлау, 
шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарады. Тері илеу, киіз басу, ши тарту, 
шом, үстел жасау ер адамдар мен әйел адамдар бірлесіп істеді. Бірақ ер адамдар киім пішу, үлгі 
жасау, киім тігу, жүн сабау, арқан тарту, тері ыстау жұмыстарынан да шет қалған емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет