Мүйіз торсықтың да беті ши май торсык сияқты шауып өрнектеледі, күміс шытырлармен
әшекейленеді. Мүйіз торсықтың түп жағы дөңгелек болғанымен, екі иіні қошкар мүйіз
секілді
сәндеп шығарылады. Содықтан мүндай торсықты "Мүйіз торсык" деп атаған. Өркеш торсык -
түйенің өркешінің терісінен тігіледі. Терінің жалпақ жағы торсыктың түбіне, жіңішке жағы аузына
сәйкес келеді. Оның пішініде өркештің пішіні тәрізді сопақша болады. Өркеш торсык сәнді
болмағандықтан, оған көбінссе айран, іркіт қүйылады. Торсықтың тағы бір карапайым түрі -
жанторсык. Оның сыртында ою - өрнегі де, шытырасы да болмайды. Бүл малшылпр мен
жолаушылар сусын қүйып, қанжығасына байлап жүруге арналған. Мүндай торсыкқа сүт
тағамдарымен қатар сусын көже қүйуға да болады. Жанторсықтың терісі шимай торсык пен мүйіз
торсықтың сірісі сияқты қатты болмайды.
Шимай торсық пен мүйіз торсыкты да кымыз күйып, қанжығаға байлайды. Бірак, бүл торсықтар аса
сәнді және оңайлықпен жасалмайтын болғандықтан, оларды көшіп - қонғанда, не
болмаса той
жиында ғана пайдаланады. Торсықтың осы екі түрі жай ыдыс қана емес, үйдің сәнді лшһазының
бірі есебінде саналады.
Келі.
Отбасы дастарқанының сәнін келтіретін тағамдар - ақталған тары, қуырған бидай, түйілген
жарма, жүгері қүрт, ірімшік, май, жент т. б. үлттық тағамдарды түйетін ертеден келе жатқан үй мүлкі
- келі. Ел арасында келінің мыыандай түрі кездеседі: ағаш келі - жуан ағаштардан ойылып жасалғағі
келі; мүныц бірнеше түрлері бар, бәйбіше келі (тек науат, шекер, қүрт, ірімшік түйюге
пайдаланылатын шағын жасалған келі. Бүл келінің табанын темір қаңылтыр мен қаптайды. Екі
иініне мүйізден түтқа орнатып, ернеуін сүйектейді. Келінің бірнеше түрлері болады, мысалы, жер
келі (келі орнына уақытша пайдаланылатын шүңкыр); нар келі (келінің ішіндегі ең үлкеыі. Оны
тары сөгін, жарма жасау үшін жасатады. Нар келінің ішіне бірден 4-5 шелек дән қүюға болады.
Оның келсабын екі жағынан екі жігіт түйеді), тас келі (келісін тастан, келсабын ағаштан жасаған
келі), темір келі (шойыннан күйылған), токал келі (қуырған бидай, жүгері, тары түюге арналған
орташа келі).
Достарыңызбен бөлісу: