Жел бау
- киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтың күлдіреуіш ағашынан
төмен тартып бастыруға пайдаланатын шашакты бау. Кейде бүл бауды салма бау деп те атайды. Әр
бау түрлі түсті жіптерден үш шашақтан,
төрт қатар есу, өру әдісімен шашакталып бітеді. Жел
баудың үзындығы екі қүлаштай болады. Ол үшін түрлі түсті (мысалы, сары, кара, ак) жүнді үш
бөлек етіп қолмен есіп алады. Сонан соң жіптердін үш басын біріктіріп байлап үш өрмелеп (қыздың
шашын өрғендей) ореді. Жел баудың керекті жеріне қамшы оріміне үксас, екі жіпті бір қосып,
ұзындығы қырык сантиметр етіп есіп, ортасын түйык кылып бірімен бірін тағы біріктіріп ескенде
төрт қатар жіп болады. Осы жіптіц бір шетінс бөлек бөлек дайындалған үш шашақты жалғайды,
екіпші шетінің түйығының көзіне жел баудың бір үшын өткізіп, жалғап алып, әрі қарай өре береді.
Келесі шашақты да осылай жалғайды. Әр шашатың арасы 25 - 30 сантиметр болады.
Бас бау
- туырлықтың, үзіктің жүннен есіп жасалған жоғарғы баулары.
Иін бау- киіз есіктің екі жақ иініне ілшетш өрнектеп тоқылған құр оау.
Аяқ бау
- киіз үй ішінде сәндік үшін уықтың иінінен төрт жерден байланатын, шашақталып жасалған
бау. Аяқ бауды салма бау деп те атайды. Әр бір бау үш-үштен алты шашақ етіп, есіліп, өрілген соң
түрлі ілмектер түйіліп дайындалады. Дайындау жолы жел бауға үқсайды.
Достарыңызбен бөлісу: