Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет4/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

 


1
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ ҒЫЛЫМИ ПӘН РЕТІНДЕ 
 
1. Қазақ тілі әдістемесі ғылыми пән ретінде 
Қазақ тіліне оқытудың арнайы әдістемесінің негізгі мақсаты: ақыл ойы 
кем тұлғаларды оқыту, қарым – қатынас құралы ретінде ауызша және 
жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру. Таным процестерін түзету, тұлғалық 
қасиеттерін қалыптастыру. 
Қазақ тілі әдістемесінің міндеттері: 1) мүмкіндігі шектеулі оқушыларға 
қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттарын анықтау. 2) Оқу материалының 
құрылымын және көлемін ақыл ойы кем тұлғалар жетік меңгеретіндей етіп 
қалыптастыру. 3) Қазақ тіліне оқыту кезіндегі жалпы дидактикалық
қағидаларды іске асырудың жағдайларын анықтау. 
4) 
Оқытудың 
рационалды 
және 
продуктивті 
сипаттамаларын 
ұйымдастыру, арнайы мектеп оқушыларының кемістіктерін түзету 
мақсатымен және сөйлеу тілі мен ақыл ой дамуының жоғары деңгейіне жету 
үшін арнайы жаттығулар жүйесін ұйымдастыру. 
5) Балаларға тіл құралдары мен әсер ету жолдарын іздеу. 
Әдістері: 
1. Мұғалімдер тәжірибесін зерттеу, өз тәжірибесімен жалпылау. Мұғалім 
тәжірибесін талдау, қазақ тіліне оқытудың заңдылықтарын анықтау 
психологиялық негіздеу, заңдылықтардың логикалық қатынастарын 
қалыптастыру. 
2. Педагогикалық эксперимент – бұл әдіс дәлел түрде болатындығымен 
ерекшеленеді. Экспериментке гипотеза қою алғаш жүреді және ол жұмыс
жүргізу барысында дамиды, дәлелденеді. Экспеименттің екі түрін 
ажыратады: 1) табиғи - сынып жұмысы негізінде жүреді. 2) зертханалық – 
арнайы ұйымдастырылған жағдайды талап етеді. Эксперименттің 
нақтылығын, дәлелдігін қамтамасыз ету мақсатымен оған мынадай талаптар 
қояды: 
- қорытынды және шығындыларын міндетті түрде белгілеп отыру. 
- бақылау сыныбын талдау, дәстүрлі жағдайларда және тәжірибе жүргізу 
барысында берілгендерін салыстыру. 
- тәжірибені бірнеше рет қайталау. 
- тәжірибенің барысын сипаттайтын нақты құжаттарды дайындау. 
- жүргізілген әдістің немесе жалпы жұмыстың жүйесін бағалау 
мақсатымен сәйкес критерийлерді таңдау. 
3. Ғылыми зерттеу әдісі ретінде оқушыларды қазақ тіліне оқыту 
барысында бақылау әдісі қолданылады. Ғылыми дәлелдемелерді бұл әдіс тек 


ұзақ уақыт қолданған жағдайда ғана нақты нәтиже береді. Осы әдіс 
көмегімен оқушылар және түрлі топтардың мүмкіндіктері жайлы мағлұмат 
алуға болады. Ойын әрекеттерін қолданған кезде оқушылардың белсенділік
деңгейін анықтауға болады. Бақылаулардың берілгендері хаттама негізінде 
жазылады. Бақылау тәжірибе сияқты басқа әдістемелермен бірге қолданыла 
береді. 
4. Ғылыми зерттеулерде бақылаумен қатар балалардың жұмыстарын және 
құжаттарын зерттеу әдісі де қолданылады. Жазбаша жаттығуларын талдау, 
шығармаларын, мазмұндамаларын, бақылау жұмыстарын, диктанттарын 
талдау, оқушылардың жұмысқа деген дайындығын әр сабақ үстіндегі
мүмкіншіліктерін анықтауға көмек береді. Балалардың жұмыстарын 
тексеруін және анамнездік құжаттарын зерттеу жеке топтардың
ерекшеліктерін анықтауға және түзету жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік 
береді. 
5. Ғылыми әдістемелік әдебиеттерді талдау. Әдеби құралдарды зерттеу 
өткен замандағы әдістемеде берілген тақырыптың қандай түрде болғанын 
білуге мүмкіндік береді. Әдебиетті талдау пәнге арнайы жолдарды табуға 
көмектеседі. Әдебиетті талдау негізінде және тәжірибенің бар болуы 
гипотезаға алып келеді. Қазіргі таңдағы әдістеменің негізгі міндеті 
заңдылықтарды зерттеу негізінде және осы мақсатпен өзіндік концептуалдық 
жүйені қалыптастыру болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет