мекен жағдайының грамматикалық мағынасы анықталған семантиканың сөз
тіркесімен беріледі.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар әр түрлі сөз бірліктерінің мағыналарын
қиындықпен меңгереді. Баланың құс тұмсығын мұрын деп атағанына
қарағанда сөздің лексикалық мағынасын ғана емес шындықтағы
айырмашылығында ескермейді:адамның мұрны мен құс тұмсығы бір сөз деп
есептейді.мектеп оқушысы шындықтың екі нысанының (объектісінің) өзара
қарым-қатынасын түсінбейді.Грамматика және дұрыс жазу емлесі
сабақтарында туындаған қиындықтарды шешу үшін бастауыш сынып
оқушылары әуелі шындық ситуация және сол ситуациямен байланысты
заттар туралы ойлануы қажет. Содан кейін осы байланыстың сөз ішіндегі
жағдайын бақылау жұмысы ұйымдастырылады,содан соң жаңа сөздік қор
материалын жасау мүмкіндігі туады,оқушыға оның лексикалық және
грамматикалық мағынасын ұғынуға көмектеседі.
Осылайша, оқушылар заттың жағдайын басқа затпен қатысына
байланысты қарастырады, мынадай сөз тіркестері мен мағынасын ашады:
столдың үстіндегі доп, (стол астындағы, стол жанындағы ).
Ауызша сөйлеу тілін дамыту сабақтарында сөздердің лексикалық
мағыналары заттардың қасиеттері, сипаттарын бақылау нәтижесінде бұл
сөздердің қолданыстағы мағынасы анық болады. Сөздердің грамматикалық
мағынасы тәжірибелік деңгейде жаттығулар кезінде бекітіледі. Мысалы:
Заттың атауы және оның әрекеті,бастауыш пен баяндауышты дұрыс
үйлестіруді үйрену
Әр жануардың негізгі сүйікті тағамын көрсету және осы мағлұматтың сөз
ішіндегі қажет сөз формасын таңдай білу; қоянда сәбіз, аюда бал, түлкіде
тауық,тиінде жаңғақ т.б.
Ойлау мен тіл дамыту бірлігі принципі баланың сөйлеу тілі мен ойлау
қабілетіне белсенді әсер ететін оқу әдістері мен тәсілдері көмегімен іске
асады. Бұл әдіс-тәсілдерге анализ,синтез, нақтылыу, жалпылау, теңестіру
және топтастыру жатады.
Достарыңызбен бөлісу: