Бірінші кезеңнің міндеті - балаларды жан-жақты терең зерттеу, мектеп
сабақтарына қатыстыру, сөйлеу тіл кемістіктерін түзету, есту, көру және
тірек – қимыл анализаторларын түзету, алғашқы оқу және жазу дағдыларын
қалыптастыру, жай сөйлемдерді құрастыру әрекеттерін дамыту. Бірінші
сынып оқушылары жұмыс істейтін материал ол әріптер мен дыбыстар,
сонымен қатар сөйлем түрлері, шағын әңгімелер. Жұмыс жүргізудің негізгі
әдістеріне бұл кезеңде ойын түрлері және жаттығулар жатады. Осы жағдайда
дағдыларды қалыптастыруда ойын басты орын алады. Оқушылар буын
кестелерін құрып, суреттерді сәйкестендіріп, шыршадан сөз жазылған
ойыншықтар алып жарысады. Оқушылардың тез шаршағыштығын және
талдау жаттығулардың қиындығын ескере отырып, бұл жаттығулардың
арасында ойындарды қосқанды талап етеді.
2-4 сыныптарда оқытудың екінші кезеңі іске асады. Бұл кезеңде мынадай
міндеттер шешіледі: ана тіліне деген қызығушылықтарын ояту, алғашқа
тілдік жалпылауларды қалыптастыру, сөйлеу тілін жетілдіру, сөз қорын
активтендіру, өз ойын ауызша жеткізе алуға үйрету, грамматикалық
мағлұматтар мен орфографиялық емлелерді меңгерту, шығарма, әңгімелерді
мәнерлеп және түсініп оқуға дағдыландыру. Бұл кезеңде материалды
меңгеруі емлені механикалық түрде жаттауда емес, нақты материалмен
жұмыс жасау кезінде іске асады. Негізгі әдіс - оқуда және жазуда түрлі
практикалық жаттығуларды қолдану.
Ойын - оқытудың басты әдісі болып қала береді. Арнайы сабақтарда
оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіле береді.
Қоршаған орта туралы түсініктері байиды, өз қабылдауларын ауызша жеткізе
алуға дағдыланады.
Үшінші кезеңнің (жоғары сыныптардың) міндеттері - оқу техникасын ары
қарай жетілдіру, жүгіртіп оқу дағдыларын қалыптастыру, оқып отырған
материалды саналы түрде түсіну, мазмұндап беру. Жоғары сынып
оқушылары өз ойларын асықпай, сауатты, нақты, жазбаша және ауызша
түрде жеткізуге үйренеді. Үшінші кезеңде жұмыстың негізгі әдісі
жаттығулар дегенмен, тапсырмалар қиындай түседі, күрделі материал
енгізіледі. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда жаттығулар тілдік
жалпылауды нақтылайды, жоғары сыныпты жаңа материалды бекіту
мақсатымен жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: