Мектеп оқушылары ұлдар, қыздар арасында (баскетбол,волейбол, гандбол, футзал) мектеп лигасының ережесі



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата21.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#142268
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
вол

5. Төрешілік ету 
5.1.Мектеп лигасына төрешілік ету «ФИБА баскетболының ресми ережесінің» сәйкес жүзеге 
асырылады. 
5.2. Мектеп лигасының әрбір ойынында екі төреші қызмет етеді. 
5.3. Мектеп лигасының ІІ және ІІІ кезеңінің төреші хатшысы мен бригада төрешісін тағайындауды 
өңірлік бас төреші жүзеге асырады. 
5.4.Мектеп лигасының ІV кезеңінің төреші хатшысы мен бригада төрешісін тағайындауды Атырау 
аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы жүзеге асырады. 
5.5. Облыстық мектеп лига жарысында тағайындалған төрешілер ауыстырылмайды. 
6. Тәртіпсіздік жазалар мен санкциялар 
6.1. Бәсекелестер мен көрермендер төрешіге қарсы шыдамай тіл тигізгенде балағаттау, талаптарға 
қайшы сөздер айтылғанда, допты наразылықпен лақтырып тастау мен басқа осыған ұқсас, даулы 
тәртіпсіздік әрекеттер туындаған жағдайда, ойын есебі төрешінің шешімімен есептеледі. 
6.2. Ойыншы тәртіпсіздік жасаған жағдайда техникалық тәртіп бұзушылықпен жазаланады. 
Ойыншы бірнеше рет барып тұрған сорақылық заң бұзушылық танытқан жағдайда, тәртіп 
бұзушылық ойыншыны ойыннан шығаруға құқылы.
6.3. Тәртіп бұзушылық ойыннан шығарған ойыншы бір кезекті ойынға қатыспайды. Жасаған ауыр 
тәртіпсіздігіне байланысты. Тіркелген хаттама бойынша бас төреші өзінің шешімімен шығару 
жазасын жоғарылатып, тағы да бір ойынға қатыстырмауға құқылы. 
6.4. Ойыншы баскетбол қалқанын ойынға дейін немесе үзіліс кезінде талқандаған болса, ойын 
уақытында баскетбол себетіне лақтыру немесе беру кезінде ұзақ уақыт себепсіз қасақана асылып 
тұрса, онда ол келесі бес ойыннан шығарылады және бүлдірген мүлікті қайта бұрыңғы қалпына 
келтіруге міндетті.
6.5. Ойын аяқталған уақытта немесе хаттамаға қол қойылғаннан кейін ойыншы төрешіге, 
бәсекелестеріне немесе көрермендерге қарсы тәртіпсіздік танытқан жағдайда және 


жәбірленушінің атынан баянат жазылса, онда бас төреші екі кезекті ойыннан ойыншыны 
шығаруға құқылы.
6.6. Ойын айналымы кезінде жазалау аяқталмай қалса, онда ол қатысатын келесі кезекті жарыс 
айналымына ауыстырылып, жазаланады. 
6.7. Талап келісімі бойынша шығарылған ойыншы, ойынға қатыстырылған болса, онда командаға 
ойын «құқығынан айыру» есептеледі.
6.8. Ойынға келмеген команда жарыстан алынып тасталады. Спорт ғимаратының ішінде, 
болмаса сыртында сорақы тәртіп бұзушылық болған жағдайда, жаттықтырушы команданы 
басқарудан аластатылады, команда және ойыншылар жарыстан алынып тасталады (төбелес, 
төреші шешімімен дауласу, төрешіге шыдамай тіл тигізу, бәсекелестерге, көрермендерге деген 
дөрекі әрекеттер, мүліктерді бүлдіру және т.б.). 
6.9. Ұйымдастырушы мекеме ойын айналымы бас төрешісінің шешімін қайта қарап, командаға
ойыншыларға, жаттықтырушылар мен команда өкілдеріне көрсеткен жоғары тәртіпсіздік және 
басқа да әрекеттерінің жазаларына айыппұл санкцияларын ұлғайтып жүктеуге құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет