19
систолалық шулар қан қарыншадан жүрекшелерге ретроградты
қозғалғанда дамиды.
Бұл ақаудың себептері ревматизм, инфекциялық
эндокардит, атеросклероз, сирегірек, Либман-Сакс эндокардиті (жүйелі
қызыл жегідегі), қақпақтардың склеродермиялық зақымдануы, Леффлердің
эозинофилиялық фиброплазиялық эндокардиті, карциноид синдромындағы
эндокард фиброзы [3,4,7,8,9].
Қарағанда жүрек аймағында өзгерістер болмайды, перкуссияда жүрек
шала тұйық шектерінің солға ығысуы анықталады. Аускультацияда
систолалық шудың эпицентрі жүрек ұшында, ал таралуы негізінен қолтық
астына және арқасына, сонымен қатар, жүрекше аймағы – сол II-III-ші
қабырға аралыққа, күшеюі тынысты шығарғанда және сол қырына
жатқызғанда анықталады. Шу сипаты – үрлемелі, “құйылмалы”, үнділігі
кеми түсетін (decrescendo), әлсіреген I-ші тонмен қосылып кетеді. Ақау өте
айқын болғанда сол қарыншалық III-ші тон естіледі, ЖҰТ солға ығысады,
өкпе артериясы үстінде II-ші тонның акценті пайда болады.
ЭКГ – сол жүрекше мен қарыншаның гипертрофиясы тіркеледі.
Рентгенограммада – сол қарынша ұлғаюы анықталады.
Допплер-ЭхоКГ (жүрек ұшы тұсынан қарау тәсілімен импульстік-
толқындық режиммен митраль қақпақтарының тұсынан сол жүрекшенің
жоғары және бүйір қабырғаларына қарай түрлі арақашықтықта бақылау
ағымын бағыттайды):
: 1-ші дәрежелі митраль регургитацияда – регургитация митраль қақпақтары
жармаларынан соң бірден тіркеледі;
: 2-ші дәрежелі митраль регургитацияда – соңғысы жармалардан сол
жүрекшеге қарай 20 мм тереңдікке тарайды;
: 3-ші дәрежелі митраль регургитацияда – соңғысы жармалардан сол
жүрекшенің ортасына дейін тарайды;
: 4-ші дәрежелі митраль регургитацияда – соңғысы жармалардан сол
жүрекшенің қарама-қарсы қабырғасына жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: