15
науқастарда жүрекішілік гемодинамиканы зерттегенде диастола
басталғаннан кейін қарыншадағы қысым жүрекшедегі
қысымнан артып,
митраль қақпақ жармаларының ерте жабылатындығы анықталды. Осының
салдарынан изоволюметриялық фазаның басында олардың қозғалысы
шектелгендіктен I тон әлсірейді [3,4,5,6].
Аорта сағасының стенозы бар науқастарда сау адаммен салыстырғанда
қарынша ішілік қысым 5 есе жылдам көтеріледі, осылайша I тон күшеюіне
жағдайлар туындайды. Бірақ осы ақауы бар науқастардың шамамен
жартысында I тон әлсіреген.
Сол қарынша гипертрофиясы диастола кезінде оның созылуына кедергі
келтіретіні белгілі. Бұл жағдайда диастола соңында жүрекшелерде қан
көлемінің біраз бөлігі қалып қояды. Франк-Старлинг заңына сәйкес
жүрекшенің қуатты систоласы қарыншадағы
соңғы диастолалық қысымның
едәуір жоғарылауына соқтырады. Аса жоғары қысым митраль қақпақтың
жабылуына әкеледі. Өз кезегінде митраль қақпақ жармаларының қозғалыс
амплитудасының шектелуі I тонның әлсіреуін түсіндіреді. Жармалардың
қалпы өзара байланысты бірнеше факторлармен анықталатындықтан
(қарынша гипертрофиясының дәрежесі, соңғы диастолалық қысымның
деңгейі) аорталық стенозда I тон әлсіреген
сонымен қатар қалыпты болуы
мүмкін [3,4,5,6].
Жармалардың құрылымдық өзгерістерінің маңызы I тонның
акустикалық сипаттамасын митраль стенозда анық көрсетеді.
Сау адамдардың I тоны күштілігімен емес, жоғары жиілігімен
ерекшеленеді. I тонның әлсіреуі ақаудың арнайы белгілерімен байланысты
және изоволюметриялық жиырылу фазасының басында митраль қақпақтың
қозғалыс амплитудасының артуынан туындамайды. I тонның шертпелі болуы
митраль қақпақ жармасының фиброзды өзгеруіне байланысты
қалыңдауынан болады. Тығыз тіндер жоғары жиіліктегі дыбыс шығаратыны
белгілі.
Митраль стенозы кезінде тон спектрінің өзгеруі қақпақ жармаларының
серпімділігі сақталуына
байланысты олардың қозғалып, дірілдеуі сақталған
жағдайда болады. Соған байланысты қақпақтардың дөрекі анатомиялық
өзгерістері (митраль стеноздағы әктену, айқын фиброз, қақпақ шамасыздығы
кезіндегі деформациясы және қысқаруы) тонды әлсіретеді [3,4,5,6].
Митраль стенозы кезінде сол қарыншадағы қысым уақытылы көтеріле
бастайды да, бірақ сау адамдармен салыстырғанда баяу жоғарылайды. Ол
қарыншалардың қоза бастағаны митраль қақпақтың жабылу сәтіне дейінгі
уақыттың ұзаруымен дәлелденеді. Және де аз толған қарыншаның жылдам
жиырылуы Франк-Старлинг заңдылығына қарсы келеді.
Әртүрлі патология кезінде I тонның күшінің өзгеруімен қатар, оның
екіге айырылуы байқалады, негізінен Гис аяқшаларының ерте қозуы кезінде
байқалады. Сау адамдарда үш жармалы қақпақ
митраль қақпақтан кейін
жабылатындықтан бұл белгі оң аяқшаның толық блогі кезінде байқалады.
I тонның екіге бөлінуінің тағы бір себебі ерте систолалық шертпе
болып табылады. Бұл термин систоланың басында естілетін биік, шертпелі
16
дыбыстарға қатысты қолданылады. Ерте систолалық шертпелер митраль
қақпағы жармаларының сол жүрекшеге пролапсіне (Барлау синдромы)
байланысты. ЖИА, миокардиттер, жүрек
жарақатымен байланысты да
шертпе дыбыстың пайда болу мүмкін, негізінде хордалардың немесе
митраль қақпақ жарғақшаларының өзгерісі жатыр [3,4,7,8,9].
Достарыңызбен бөлісу: