222
ПРОЕКТ
кереғар қарама-қайшылық
ультракүлгін апаты
деген атаққа ие бол-
ды. Сөйтіп, жылулық сәулелену құбылысын түсіндіру классикалық фи-
зика тұрғысынан тұйыққа тірелді.
3. Эксперименттік зерттеулер денелердің жылулық сәулелерді шыға-
румен қатар, оларды жұта да алатынын көрсетті. Оны көптеген тәжі-
рибелер растайды. Мысалы, параболоидтық айнаға вольфрам қылы бар
қуатты электр шамын орнатып, оны инфрақызыл сәулесін шығаратын-
дай етіп қыздырайық. Оған қарама-қарсы қойылған екінші айнаның
фокусына қара түске боялған құрғақ мақтаны іліп қойсақ, ол белгілі
бір уақыттан кейін «өз-өзінен» тұтанып жана бастайды (сурет 6.2). Бұл
тәжірибе электрмагниттік толқындардың энергия таситынына және қара
денелердің сәулелік энергияны жақсы жұтатынына көзімізді жеткізеді.
Физикада денелердің сәулелерді жұту қабілетін салыстыру үшін «абсо-
лют қара дене» деген ұғым енгізіледі.
Сурет 6.2. Сәулелер энергия тасиды
Достарыңызбен бөлісу: