А) Жарлай арнау
В) Зарлай арнау
С) Шешендік арнау
D)
Сұрай арнау
Е) Еспе қайталау
Сұрақтар:
1. Поэтикалық тіл дегенді қалай түсінесіз?
2. Образдық тіл дегеніміз не?
№ 10
дәріс
№10 дәріс: Әдебиеттің көркемдеуші тәсілдері.
Құбылту (троп) пен
айшықтаудың (фигура) түрлері, көркемдік қызметі
.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Құбылту (троп) пен айшықтаудың (фигура) түрлері, көркемдік
қызметі
2. Әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлілігін күшейтетін айшықтаудың
(фигураның) түрлері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдеби тілдің әсерлілігі мен әдемілігі үшін қызмет
ететін тәсілдердің бірі – құбылту, яғни троп (грекше –
иін, иірім)- сөздерді тура мағынасында емес, бұрма
мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, перделеп
таныту,
ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып
айту. Құбылту да суреткердің идеялық, эстетикалық
мақсатына сай жасалады.
1.Метафора –
ауыстыру – (грекше – көшіру) –
суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай,
ажарландыра түсу үшін
оларды өздеріне ұқсас өзге
затқа не құбылысқа балау, солай суреттеліп отырған
заттың не құбылыстың мағынасын үстеу. Мысалы,
Арулар - тіршілікке күре тамыр, Өмірді бір-біріне
жалғап тұрар (Мұқағали). Мен – тауда ойнаған қарт
марал (Махамбет).
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта (Абай).
2. Кейіптеу
- жансыз табиғат құбылысын тірі адам
кейпіне көшіру, яғни табиғат құбылысын,
жансыз
нәрселерді адам кейпінде жан бітіре суреттеу.
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты...
Кейіптеу - ертегі, аңыздарда жиі қолданылатын тәсіл.
3. Мысал өлеңдердегі құбылту, көбінесе,
Достарыңызбен бөлісу: