Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет4/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, 
әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық 
шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi 
мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек 
Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге 
нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес.
Қазақстан Республикасының кодекстерi:
1) бюджеттiк;
2) азаматтық
3) азаматтық iс жүргiзу;
4) неке-отбасы;
5) экологиялық
6) су;
7) жер;
8) орман;
9) салық
10) кеден;
11) көлiк;
12) еңбек;
13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
14) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
15) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
16) қылмыстық iс жүргiзу;
17) денсаулық сақтау саласы сияқты бiртектес аса маңызды қоғамдық 
қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады. 
3. Мемлекеттің ұғымы, белгілері мен функциялары. 
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың 
ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің 
қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік 
негізінде қалыптасты

Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда болуына 
әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы 
нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде 
құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан 
мынадай белгілермен өзгешеленеді: 
1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және 
сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге 
асырады деген сөз.
2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде 
адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.
3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған 
жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен иелері немесе мемлекеттік 
қызметкерлер жұмыс істейді.
4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер 
шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық 
тәртіпті қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет