Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы
сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды.
Тақырып 13. Сыбайлас жемқорлықты мінез-қылық табиғатының психологиялық
ерекшеліктері (1 сағат)
Дәрістің
мақсаты:
сыбайлас
жемқорлықты
мінез-қылық
табиғатының
психологиялық ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады.
Жоспар:
3.1 Сыбайлас жемқорлықты мінез-қылықтың психологиялық механизмдері
3.2 Сыбайлас жемқорлықты мінез-қылықтың жеке детерминанттары
3.2.1 Әртүрлі мінез-қылық моделдеріндегі субъект-субъекттілік қатынастың
профилизациясы
3.2.2 Сыбайлас жемқорлықты факторлардың әсерінен жеке тұлға қасиетінің құрылу
ерекшеліктері
Түйінді сөздер: психологиялық механизмдер, жеке детерминанттар,
субъекттілік қатынас, профилизация.
3.1 Сыбайлас жемқорлықты мінез-қылықтың психологиялық механизмдері
Мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктерінің тағы да бір түрі девиантты
мінез. Девиантты мінез - құлық
( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден
ауытқитын әлеуметтік іс - әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік
топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған
адамның мінез-құлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез - құлық кез келген әлеуметтік ережелерден
(мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек - қорлық, альтруизм, өзін құрбан
ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті
бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет - ғұрыптарды аттап өту, өзіне - өзі қол
жұмсау және т. б.) ауытқушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан
құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай
девиантты мінез - құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп
соқтырады.
Әлеуметтенудегі девиантты мінез - құлық тұжырымдамасын қалыптастырған
француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін
аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда
ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез - құлық ауытқушылығының себебін
қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының
арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиантты мінез - құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан,
еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар,
жыныстық жат мінез - құлық, суицид т. б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |