науқастарда
өршу сатысында оң, ал аурудың басқа сатыларында
теріс болуы мүмкін.
Қазіргі заманғы емдеу әдістерімен рецедивті ұзартуға болады,
ал сүйемелдеуші стероидты ем науқастардың өмірін ұзақ уақытқа
сақтап қалуға мүмкіндік береді.
2.6.2.
В
ЕГЕТИРЛЕЙТІН КӨПІРШІК
Көпіршіктің бұл формасының клиникасы вульгарлы түрімен
ұқсас келеді және ауыз қуысының кілегей қабатына көпіршіктер
шығуымен сипатталады. Айырмашылығы,
көпіршіктер табиғи
тесіктер, кіндік және терінің ірі қыртыстар аймақтарында (қолтық
астында, аралықта, құйрық арасында, кеуде безі астында,
құлақ
артында) орналасуымен ерекшеленеді. Беті алынған күлдіреуіктің
орнына эрозияланған, лас жабындымен жабылған бөлікте
айтарлықтай экссудат бөліп тұратын папилломатозды өсінді
пайда болады.
Зақымдалудың нәтижесінде кең, вегетирлейтін,
кейбір жерлерінде іріңді-некротикалық аймақ пайда болады.
Никольский белгісі жиі оң болады. Дерматоздың бұл түрінде
қатты ауырсыну және күйдіру сезімі байқалады. Сондықтан
активті қимыл-қозғалысы шектелген болып келеді. Жақсы ем
нәтижесінде
вегетация қайтып, эрозия жаңа қабықпен
эпителизацияланады. Бұрынғы бөртпелердің орнында айқын
пигментация қалады. Вегетирленген көпіршік байқалатын
науқастардың
біразында ару байқалып, өлімге әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: