рецидивті мерезде пайда болуы, мерезге қарсы емнің жақсы
нәтижесі, үнемі мерезге қанның серологиялық реакциясының оң
нәтижелі болуы, қосалқы қабыну процестерінің болмауы
көмейдегі
арнамалы
процесс
дәлелі
бола
алады.
Оториноларингологтар мен терапевттерде даусының қарлығуы
байланысты емделудің нәтиже бермеуі, бұл екіншілік жаңа пайда
болған мерездің алғашқы белгілері болуы мүмкін.
Папулезді мерезді ларингитте кілегей қабықта көмей
қақпашығында, оның көмейлі беткейінде,
ожаутәріздес-көмей
үсті қатпарларында, ожаутәріздес аралық кеңістікте жазық, сопақ
немесе дөңгелек, диаметрі 3-7 мм, аздап сұр-ақшыл түсті
папулалар тәрізді түзілістер байқалады. Ауыз қуысындағы
папулалардан көмейдегі папулалар айырмашылығы бірен-саран,
аздап сұрғылт реңді, эрозиялануға және жара болуға
бейімделмеген. Папулалар өте сирек шың және жалған дауыс
қатпарларында, ожау тәрізді аралық қатпарда, шылым
шегушілерде болады. Бұл үнемі даусының қарлығуымен қатар
жүреді. Папулезді мерездік ларингит екіншілік мерезде белгілі бір
сатыда рецидивтің негізгі көрінісі болуы мүмкін.
Мерезге қарсы ем процессінде,
даусының қарлығуы азайып,
даусы 1–1,5 ай ішінде, кейде одан да тез қалпына келеді. Мұндай
науқастарға даусына аяушылық жасап, диета, жылы сумен шаю,
шылым шегуден бас тартып, салқындауға тыйым салынады.
Сирек жағдайда, әсіресе шылым шегушілерде және қосалқы
субатрофиялық және атрофиялық фаринголарингитте, даусының
қарлығуы емге қарамастан ұзақ созылуы мүмкін.
Ауыз қуысының кілегейінде және көмейде әртүрлі екіншілік
мерез диагностикалық қиындықтар туғызады. Науқаста екіншілік
мерездің қорытынды диагнозын ауыз қуысында мерездік
бөртпелердің бетінен бозғылт трепонеманы тапқаннан кейін,
мерезге серологиялық реакцияда оң нәтиже алғаннан кейін қоюға
болады. Ауыз қуысының кілегей
қабығында бөртпелердің
диагностикасында маңызды рольды терідегі бөртпелердің болуы,
бірақ міндетті түрде емес, алады.
Кілегей қабықтағы мерездік папулалар лейкоплакияны, жазық
қызыл теміреткінің папулаларын, қызыл жиегінің ошақтарын еске
түсіріп, олардың бетіндегі түлеу сұрғылт-ақ түсті болып келеді.
Алайда мерездік папуланың бетінен ақшыл жабынды қырғанда
жеңіл алынып, ал лейкоплакия, қызыл жазық теміреткіде, қызыл
жегіде жабынды қырғанда алынбайды. Сонымен қатар, мерездік
папулаларға ұқсас жазық лейкоплакияның қатпарлары әрқашан
дөңгелек формалы емес, инфильтрацияланбаған, беті құрғақ,
ошақтың айналасында қабыну гүлтәжі
болмайды, олар ұзақ
сақталып, әдетте жұмсақ таңдай мен бадамша бездерінде
орналаспайды.
Жазық қызыл теміреткінің папулалары сұрғылт түсті, бір-
бірімен қосылатын, торлы зақымдалу түзіп, мерезге тән емес
болып келеді. Қызыл жегіде кезінде түлеу бір-біріне тығыз
орналасқан жолақтар мен нүктелерді болып, ашық эритема
фонында түзіліп, мерезде болмайтын атрофиямен көрініс береді.
Сонымен қатар, қызыл жегі ешқашан шектелген кілегей қабықты
зақымдамайды, әрқашан теріде немесе еріннің қызыл жиегінде
қызыл жегінің типтік ошақтары болады. Ауыз қуысының кілегей
қабығының кандидозы мерездік папуладан айырмашылығы
зақымдалған ошақтан сұр-ақшыл жабындыны алғаннан кейін,
орнында қызыл бархат тәрізді эрозияланбаған бетті болады, ал
микроскопияда кандидозда жабындыда
көп мөлшерде ашытқы
саңырауқұлақтарды табады.
Эрозияғаланған мерездік папулалар көп формалы экссудативті
эритемадан,
буллезді
пемфигоидтан,
шың
көпіршіктен
(пемфигус), жай көпіршіктен, теміреткіден ажырату қажет. Бұл
процесстерде эрозиялар негізінде мерездік папулаға тән
инфильтрация
болмайды,
бөртпелер
ауыр
субъективті
сезімдермен
қосақталып
жүреді.
Эрозия
айналасындағы
гиперемия (көп формалы эксудативті эритема, герпес) ашық-
қызғылт түсті болады. Көпіршекті теміреткіде түзілетін эрозиялар
полициклді тәрізді болып келеді. Мерезден айырмашылығы
көпформалы эксудативті эритемада, буллезді пемфигоидте,
көпіршікте эрозия жиегінде эпителийдің жыртылғандығын,
көпіршіктің қабықтарын көруге болады. Сонымен қатар,
көпіршікте оң Никольский симптомын, эрозиялар бетінен
алынған
жағындылардан
акантолитикалық
клеткаларды
анықтайды, ал көпформалы эксудативті эритемада және буллезді
пемфигоидте
эрозияларға тән, мерезде ешқашан болмайтын,
көпіршіктерді көруге болады.
Мерездік папулалар афталармен ұқсас болып келеді. Бірақ
жедел басталып, ауырсынуы, некроз айналасындағы айқын
гиперемия жиегі, инфильтрацияның болмауы, қоршалған тіннің
ісінуі, жиі рецидивтер афтаны мерездік папуладан ажыратуға
мүмкіндік береді.
Тілдің «жылтырақ» папулалары десквамативті глосситті еске
түсіреді. Десквамация бөлшектерінің ақшыл-қызғылт түсі,
шетіндегі ақ жиегі,
фестон кескінді, негізінде тығыздалудың
болмауы, бөртпелердің жиі орын ауыстырып отыруы, аурудың
созылмалы ағымы «географиялық» тілді мерездік зақымдалудан
ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: