Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Сифилисті емдеу қағидалары мен әдістері



Pdf көрінісі
бет321/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Сифилисті емдеу қағидалары мен әдістері
Сифилистің емі хаттамаларға сәйкес жүргізіледі
.
Пайдаланылады:
1.
дюрантты препараттар: бензатин бензилпенициллин: 
экстенциллин, ретарпен және бициллин-1; 
2.
орташа дюрантты препараттар: прокаин пенициллин және 
пенициллин новокаин тұзы, бициллин-5; 
3.
бензилпенициллиннің натрий тұзы. 
Дюрантты 
препараттарды 
(үшіншілік 
сифилистен 
басқасында) бұлшықетке аптасына 1 рет 2 млн 400 мың бірліктен
(1 реттік дозасы) енгізеді. Инъекция саны – 2 немесе 3 
(сифилистің түріне байланысты); бициллин-1 – 5 күнде 1 рет; егу 
саны – 3-6. 
Орташа дюрантты препараттар: 
прокаин пенициллин G 
бұлшықетке 1 млн 200 мың ХБ мөлшерінде тәулігіне 1 рет; 
Пенициллиннің новкаин тұзын 600 мың бірліктен тәулігіне 2 рет 
енгізеді. Емдеудің ұзақтығы сифилистің түріне байланысты (10 
немесе 20 күн). Бициллин-5 аптасына 2 рет 1 млн 500 мың бірлік 
мөлшерінде бұлшықетке енгізеді. Курсқа (сифилистің түріне 
байланысты) 5 немесе 10 инъекция.
Бензилпенициллиннің натрий тұзы
: 1 млн бірліктен 
тәулігіне 4 рет бұлшықетке 10 немесе 20 күн бойына (сифилистің 
түріне байланысты). 
Анамнезінде 
жоғарыда 
көрсетілген 
препараттарға 
аллергиялық реакциялар байқалса, цефтриаксон, доксициллин, 
татрациклин, 
эритромицин, 
азитриомицин, 
оксациллин, 
ампициллин қолдануға болады. 
Арнайы 
емнен 
басқа 
сифилисте 
превентивті 
және 
профилактикалық ем жүргізіледі. 
Профилактикалық ем
жүкті әйелдерге және клиникалық 
және серологиялық дәлелденбеген, сифилис байқалатын, толық 
емделмеген немесе РМП оң мәнді аналардан туылған балаларға 
тағайындалады. 


Превентивті ем
 
сифилистің жұқпалы түрі байқалатын 
науқастармен отбасылық немесе жыныстық қатынаста 2 айдан 
артық емес болған адамдарға тағайындалады. Осы мақсатта 
бензилпенициллин бензатинді 2 млн 400 мың бірілік мөлшерде 
енгізу тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет