қабықпен көмкерілген қабынулық табақшалар көрінеді. Оларды
басқанда бүртіктердің
арасынан, терең жыртықтардан және
тесіктерден ірің тамшылары байқалады. Негізгі ошақтың
айналасында терең іріңдіктер қуысын байқауға болады
(26-
сурет).
Инфильтрат түбінде терең
бір-бірімен байланысып
жатқан іріңдіктер қуысын байқауға болады. Қабыршақ астында
жаралық процесс әртүрлі көлемді болады және ақырындап шетіне
қарай өсіп, үлкейеді. Негізгі ошақ шеттерінде іріңді жаралық
еруге бейім жаңа фликтена немесе фустулалар түзіледі. Процесс
бір
уақытта эпидермис, дерма, гиподерма, бұлшықет, кейде тіпті
сүйекті де қамтуы мүмкін; әдетте ол өзіне тән ерекше тыртықпен
бітеді. Ауру ұйқысыздық, әлсіздік, қан аздық, ауырсынумен, егер
ағымы созылмалы болса көп айлар мен жылдарға бойғы
ауырсынумен сипатталады.
Жара үстінде немесе шетінде тіннің сүйел тәрізді өсуі –
вегетация түзіледі, ол кейде тіпті зақымдалған аймақты түгел
қамтиды (созылмалы жаралық-вегетациялық пиодермия). Кейде
бірен-саран не көптеген іріңді, жиі
қан аралас бөлініс тамшылап
тұратын фустулезді жолдар түзіледі. Кейде жараның орталық
беткейі жазылса да, шеткеріде процесс дами береді. Бұл жағдайда
созылмалы пиодермияның серпигинозды түрі туралы айтуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: