Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет76/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Шанкр тәрізді пиодермия.
 
Аурудың қоздырғышы көп 
жағдайда алтын түсті стафилококк, сирек – стрептококк, 
сондықтан бұл ауруды аралас пиодермитке жатқызады.
 
Ауру дамуына гигиена сақталмауы, майлар жиналып қалып, 
жыныс мүшесінің басының терісін тітіркендіріп, іріңдетіп, эрозия 
мен жара түзілуін туғызатын препуциальді сақинаның тарлығы, 
фимоз әсер етеді.
Эрозивті, жиі анық шектеулі табақшаға ұқсас, дөңгелек немесе 
сопақтау, түбі ашық-қызыл түсті, іріңмен, кейде гангренозды 
қабықпен жабылатын жаралық зақымдану орын алады. Жара жиі 
бірен-саран, сирек көп көлемде шығады. Негізінен жыныс 
бездерінде, бірақ кейде бет, ерін, ұрт, тілде де орналасуы мүмкін. 
Клиникалық көрінісі жара негізіндегі инфильтрат тығыздығына
жараның ауырмауына, аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюына 


байланысты қатты шанкрге ұқсайды. Шанкр тәрізді пиодермия 2-
3 айға созылуы мүмкін және тыртық түзумен жазылады. Кейбір 
авторлар шанкр тәрізді пиодермияны бөлек ауру ретінде емес, 
тұрпайы эктиманың жыныс безінде орналасқан түрі деп 
қарастырады. 
Қатты шанкрден ажыратуда сарысуда боз трепанеманың 
болмауы оны жоққа шығармайтын болғандықтан айтарлықтай 
қиындақ тудыруы мүмкін. Диагностикаға анамнез бен 
серологиялық реакциялардың нәтижесі көмектеседі. Сонымен 
қатар, қатты инфильтрат қатты шанкрде эрозия мен жараның 
шекарасынан аспаса, шанкр тәрізді пиодермияда жара түбіндегі 
инфильтрат оның шекарасынан асып орналасатын естен 
шығармау қажет.
Кейде қорытынды диагнозды тек ұзақ уақытқа созылған 
науқасты бақылау және серологиялық зерттеулерден кейін ғана 
қоюға болады. Осы мақсатпен бірнеше мәрте жарадан алынған 
бөліністі боз трепонемаға тексеріп, қанның серологиялық 
зерттеулерін (РПГА, РИФ) алып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет