10
шектерін бұзған. Жалындаған жастық сезімдерін лаулатқан. Ӛздерін айыпсыз етіп
кӛрсететін жасанды сипат дайын: Ғашық болдық, ажырай алмайтындай жағдайға
жеттік деп ойлау.
Бұл жастың енді ашуға булығып, қаруының тетігін басып, беті бүлік етпестен
адам ӛлтірген ашулы адамнан еш айырмашылығы жоқ. Ойланбастан тетікті басады,
нысанасына тигізеді, ӛмір бойы ӛкініп ӛтетін қателікті жасайды. Сосын ӛкінішке
салынып, айқайлайды. Алайда, бұл айқайдың енді ешқандай пайдасы жоқ. Ӛйткені, оқ
атылды, нысаға тиді. Енді ол жерде тек мәйіт бар. Кім мойнына алады бұл мәйіттің
жауапкершілігін?
-
Бұл жағдайда біз үшін ешқандай шара жоқ па? - деп үстемелеген жігітке
«Бар» дедім: «Ӛзіңді қарым-қатыс жасауда шектен шығармау. Сосын
оқуыңды жетістікпен бітіру, одан соң бақытты болудың экономикалық
шарттарын дайындап, ресми некемен үйленіп, бақытыңызды отбасыңызбен
бӛлісу».
Ойға берілген жігіт нәтижені неге апарып түйіндегенін білмеймін. Ал, мен бұл
жерде барша жастарға арнап былай деймін:
Жастар! Оқып жүргенде ӛздеріңді қорғаңдар. Пайғамбарымыз «Бӛтен қызбен
жігіт екеуі оңаша кездессе үшіншілері шайтан болады»
23
деп ескертіп, басқа біреумен
кездесудің тудыратын қатерлерін қатаң сӛзбен хабарлаған. Бұған назар аудармай,
оңаша жерде кездесуден сақтанбасаңдар сезімнің алауы сендерді шарпиды, ӛмір бойы
ӛкініп ӛтетін қателікті жасатады.
Осыған орай, алды шыңырау болған қате жолға кіру үшін о бастан қарым-
қатынас жасауда шектен шықпай, алдымен оқуды бітіруді, сосын отбасыларыңмен
бірге осы бақытыңызды бӛлісуді кӛздеңдер. Бұл жерде біздің міндетіміз осындай
маңызды мәселеде сендерге ой тастау, ал сендердің міндеттерің үшіншілері шайтан
болатын оңаша кездесуден ӛздеріңді сақтау. Ұмытпаңдар таудың жемісі ащы, бірақ
шипалы. Соңында сендер жетестікке жетесіңдер
24
.
Достарыңызбен бөлісу: