11
Құран Кәрім иман келтіргендердің намысты, ұятты және әдеп жерлерін
қорғайтын адамдар екенін білдіріп
25
, ар-намыспен ӛмір сүрудің сыйы ретінде Аллаһтың
кешірімін және ақыреттің сыйын сүйіншілеген
26
, тақырыптың маңыздылығана қарай
әйелдерді және еркектерді бӛлек-бӛлек айтып, барлық мүміндерге ар-намысты
болуларын және арсыздықтың кірер есігі болып саналатын харам назардан
сақтануларын бұйырған
27
. Сондай-ақ, ХазіретЮсуф пен ХазіретМәриям сияқты
намысты тұлғаларды мысал етіп, сенім ұялаған саналарға ұят пен пәктіктің кӛкжиегін
кӛрсеткен.
ХазіретЮсуф (алейхисселам) уәзірдің әйелі ұсынған күнәһарлық іске «Иа,
Раббым! Зындан мен үшін мына әйелдердің шақырған ісінен артық» (Юсуф, 12\33) деп,
ар-намысына шаң қондырғаннан гӛрі жылдар бойы түрмеде жатуды артық санап,
қияметке дейін келетін барлық иман келтірушілерге ұяттың бір үлгісін кӛрсеткен.
Ар-намыстың жалпы мағынасын есте сақтаумен қатар оны кең түрде
қарастыруға болады. Бәдиуззаман хазретлерінің «Халалдың шеңбері кең, рахатқа
бӛленуге жеткілікті. Харамға кірудің еш қажеті жоқ» деген сӛзіне орай ар-намыс заңды
шеңберде ӛмір сүріп, заңсыз алаңға кӛз салмау, қол созбау, қадам баспау деген сӛз.
Сондықтан да намысты адам кӛз, құлақ, қол, аяқ сияқты барлық ағзалардың халал
шеңбердегі ләзаттарымен шектелуді білуі керек, ешқашан, ешқандай жолмен харам
істемеуі керек, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жағдайлардан сақтануы керек
28
.
Достарыңызбен бөлісу: