9
ХазіретОсман - ұят пен әдептің үлгісі болған тұлға. Нежип Фазылдың
түсіндіруімен «ХазіретӘбу
Бәкір аяушылық пен мейірімнің, ХазіретОмар күш пен
әділеттің, ХазіретОсман ұят пен әдептің, ХазіретАли ақыл мен даналықтың
жаршылары. Осы тӛрт сахаба адамзат баласын толықтырады. Тӛртеуі де тӛрт жүзі бар
шамның тӛрт әйнегі!»
22
ХазіретОсманның ең белгілі ерекшеліктерінің бірі оның ұяты мен әдебі болатын.
Оның бұл сипаты туралы айтқанда ХазіретАйша анамыз
мынадай ғибратты оқиғаны
жеткізеді:
«Аллаһ расулы бір күні менің үйімде үстіне бір жамылғыны жамылып, екі аяғы
ашық демалып жатты. Сол кезде ХазіретӘбу Бәкір келіп, ішке кіруге рұқсат сұрады.
Расулуллаһ сол қалпында оған кіруге рұқсат берді. Онымен сӛйлесті. Сосын
ХазіретОмар келді.
Оған да сол қалпында қабылдап, онымен де солай сӛйлесті. Одан
кейін ХазіретОмар келіп, кіруге рұқсат сұрады. Осы жолы расулуллаһ дереу түзеліп
отырып жинақталды.
Мен мұның себебін білу үшін «Ей, Аллаһтың расулы! ХазіретӘбу Бәкір мен
Омар
келгенде жинақталмай, ХазіретОсман келгенде жиналып, киіміңізді түзеттіңіз.
Мұның себебі неде?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз сонда былай дейді: «Осман
шынында да ӛте ұятты адам. Одан періштелердің ӛзі ұялғанда мен ұялмайын ба?».
ХазіретОсман ұяты жағынан сахабалардың арасында үшінші қатарға кӛтерілген.
ХазіретОсманның осы ұяты қазіргі адамдар үшін де үлгі. Мүмін ӛзін ақыретте Хақ
Тағаланың
құзырында ұялтатын, ӛкінетін әрекеттерден, жағдайлардан сақтауы керек.
Бұған әсіресе жастар кӛп кӛңіл бӛлуі тиіс. Ар-намыспен ӛмір сүріп, қарым-қатынастың
шегінен шықпауы керек, кейін ӛкінетін іске бармауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: