Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет24/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Байланысты:
инкл каз

Мәтін түсінікті болуы үшін: 
Мәтін блоктарын сол жақ шегі бойынша тегістеңіз. Ені бойынша тегістеген 
жағдайда оң жақ тегістелгенімен, сөздер арасында әркелкі интервалдар пайда 
болады. Нәтижесінде «пробелдердің өзендері» пайда болып, алаңдатады. 
Сондай-ақ ені бойынша тегістеу кейбір сөздерді бір-біріне жабыстырып жіберуі 
мүмкін. Бұл да жеке сөздерді ажыратып оқытуда, түсінуде қиындықтар келтіреді.
Мәтін жолдары арасында қосымша интервалды қамтамасыз етіңіз. Ол 
кейбір білім алушыларда жолдардың бір-бірімен араласып кетуі мүмкін 
тығыздық сезімін болдырмауы ықтимал. Жол аралығындағы интервалды 1,5 
пробелден асырмауға кеңес беріледі.
Мәтін блоктарының ені мен ұзындығын шектеңіз. Мәтіннің ұзын блоктары
оқу үшін ұзақ уақытты және жиі үзілісті қажет ететін оқырманды шаршатып 
жіберуі мүмкін. Үлкен абзацтарды бірнеше абзацқа бөліп, мазмұнмен танысуды 
жеңілдету үшін тізімдер және тақырыптар дайындап қойыңыз.
Бір құжатта пайдаланылатын әртүрлі шрифттер мен стильдер санын 
шектеңіз. Бұл түсіну оңайға түсетін қарапайым презентацияға алып келеді.
Негізгі мәтін үшін таңбаларсыз шрифтілерді пайдаланыңыз. Arial және 
Verdana секілді таңбасыз шрифтілер штрих соңында жолаққа ие емес. Жолақтың 
болмауы әріптер арасындағы кеңістікті үлкейтіп, мәтінді әсіресе кіші өлшемде 
оқыған жағдайда жеңілдетеді.
Ерекшелеу үшін бәрін бас әріптен жазудан немесе курсивті пайдаланудан 
бас тартыңыз. Мәтінді курсивпен ерекшелеген жағдайда кейбір білім 
алушыларға әріптер бір-біріне мінберлеп тұрғандай көрінуі мүмкін. Бұл өз 
алдына мәтінді оқуды қиындатады. Ерекшелеу үшін қалың шрифтті пайдаланған 
жөн (есте сақтаңыз, экраннан оқу бағдарламалары стиль өзгерістері жөнінде 


98 
хабарламайды). Барлығы бас әріптен болған жағдайда сөздерді түсіну қиын. 
Себебі олардың бәрі бір биіктікте болады.
Мәтіннің қалыпты базалық өлшемін пайдаланыңыз. Мәтіннің өлшемі 
пайдаланушымен бапталатындығына қарамастан, шрифттің қалыпты өлшемінен 
бастаған жөн. Көзі көрмейтін балаларға арналған америкалық типография 
мәтіннің ең кішкентай өлшемі ретінде 12 pt пайдалануды ұсынады (ірі шрифт 
үшін бастапқы нүкте ретінде18pt) [87]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет