95
1. Қабылданатын контент
3-сурет.
Мазмұнды қабылдаудың, көрудің және тыңдаудың әртүрлі
тәсілдерін ұсынатын бірқатар медиа ресурстардың иллюстрациясы,
соның
ішінде Брайль кітабын оқу, қаріп өлшемін реттеу және планшеттегі контрастты
реттеу, видео субтитрлерін қарау, смартфондағы суретті алмастыратын мәтінді
тыңдау
Мазмұн қабылданады ма?
Жеңіл қабылданатын мазмұн арқылы білім алушыларға ақпаратты олардың
жеке мүмкіндіктері мен қалауларына сәйкес түсінулеріне мүмкіндік бересіз.
Мысалы, көру қабілеті зақымдалған білім алушы бағдарламалық жасақтаманы
айтылған ақпаратты экраннан қайта тыңдауға пайдалана алады.
Сол секілді есту қабілеті зақымдалған білім алушы жасырын субтитрлерді
қоса алады немесе аудиоға визуалды альтернативаны подкаст немесе видео
түрінде ала алады. Әрбір жағдайда білім алушы ақпаратқа қолжетімділікті бір
емес, бірнеше сезім мүшесі арқылы қабылдайтындай бейімдей алады.
Экраннан оқу құралдары немесе басқа да
қосалқы технологиялардың
қаншалықты
функционалды
болғанына
қарамастан,
олар
сабақты
жоспарлаудағы және контентті әзірлеудегі педагогке тәуелді болады. Суреттерге
арналған мәтіндік жазбалар немесе видеоға арналған субтитрлер және
стенограммаларсыз контент кейбір білім алушылар үшін
қолжетімсіз болып
қалуы мүмкін. Кейбір білім алушылар үшін жеткілікті түрлі-түсті контрастты
қамтамасыз ету ақпаратты қабылдау үшін қажетті артық күшті азайтып, білім
алу процесін ұнамды ете түседі.
Контентіңіз көрнекі болуы үшін не істеу керек
:
- суреттерге мәтінмен түсініктемесін жазыңыз;
- жасырын субтитрлер мен стенограммаларды қосыңыз;
- жеткілікті түрлі түсті контрастпен қамтамасыз етіңіз;
- тек қана түсті пайдаланбаңыз;
- мәтінді түсінікті әрі анық етіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: