97
кейбір түстерді қабылдауда қиналуы мүмкін. Сізге түстен бөлек белгі немесе
таңба секілді басқа да визуалды көмекті пайдалану жөнінде ойлану керек.
Түс
диаграмма, график секілді күрделі визуалды элементтерде
көрсеткіштерді ажыратып көрсетудің жалғыз құралы секілді пайдаланылады.
Диаграммаларға түстен
бөлек қандай да бір жолақтарды, жазба белгілерді
пайдалану негізінде визуалды бірліктердің қолжетімділігін арттыру қажет.
Мәтінді түсінікті әрі анық етіңіз
Білім алушыларға мәтін түрінде ұсынылған ақпаратты түсінікті ету үшін
жасалатын әрекеттерді азайту мақсатында мәтіннің түсініктілігімен қатар оның
анықтығы жөнінде ұмытпауыңыз қажет.
Мәтіннің бетте орналасуы, жолдар
арасындағы
интервал, мәтіннің тегістелуі – мәтіннің түсінікті берілуі. Ал
мәтіннің анық болуы шрифтіге, мәтінге қатысты қолданылған стильдерге, яғни
әр символды қалай бір-бірінен ерекшелеуге болатындығына байланысты.
Бұған қатысты артықшылықтар әр білім алушыда әртүрлі келеді. Цифрлық
мәтіннің көптеген құралдары білім алушыларыңызға берілген мәтінді өз
қажеттіліктеріне байланысты баптауда өзгертуге мүмкіндік береді.
Аталған озық әдістер білім алушылар баптауларды өздері өзгерте алмаса да,
оңтайлы оқуды қамтамасыз ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: