Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет27/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
инкл каз

Жеткілікті уақыт ұсыныңыз
Қосалқы технологияларды пайдаланатын білім алушыларыңыз үшін басқа 
білім алушыларға қарағанда қандай да бір әрекеттерді орындау үшін ұзақ уақыт 
қажет болуы мүмкін. Уақытқа орындау оқу мақсаты үшін маңызды болмайтын 
жағдайда уақыт бойынша шектеуді алып тастау немесе ол білім алушыларға 
уақытты қажеттілігіне қарай созуға жағдай жасау мүмкіндігін қарастырыңыз. 
Қосымша уақыт білім алушыларыңызға тест немесе викторина өткен кезде 
қосымша көмек болуы мүмкін. Оқытуды басқарудың әртүрлі жүйелері 
бағалаудың мұндай түрлері үшін қосымша уақыт ұсынады. Синхронды чат 
кейбір білім алушылар үшін күрделі болуы мүмкін. Танымдық қабілеттеріне 
байланысты қиындықтары бар адамдарға чаттағы қатысушылар арасындағы 
бірнеше әңгімені бірден назарға алу қиынға соғуы мүмкін. Қосалқы 
технологияларды пайдаланушылар жылдам қарқынға ілесе алмауы мүмкін. 
Мұның себебі технологиялардағы шектеулерге немесе чат интерфейсінің 
қолжетімділігіне байланысты болуы мүмкін.
Білім алушыларды ертерек онлайн-курстардың синхронды чаттарды қажет 
ететіні жөнінде ескертулеріңіз қажет. Одан кейін білім алушылар синхрондық 
чатпен жұмыс бойынша осыған дейінгі жұмыс тәжірибесіне сүйеніп, негізді 
шешім шығарып, педагогке орын алуы мүмкін қиындықтар жөнінде хабарлай 
алады. Интерфейстің қосалқы технологияларымен қаншалықты жақсы жұмыс 
істейтінін анықтау үшін білім алушылармен чат жүйесін сынап көруге болады. 
Соның нәтижелеріне сүйене отырып, чат жүйесінің қолжетімділігі жөнінде 
зерделеп, қажет болған жағдайда балама нұсқаларды қарастыра аласыз. Балама 
нұсқалардың бір түрі чат стенограммасын жазып алып, білім алушыларға басқа 
уақытта қарауға ұсыну.
Жыпылықтайтын контентті болдырмаңыз
Барлық білім алушылар үшін жыпылықтайтын немесе қозғалатын контент 
өзге контенттен алаңдатуы мүмкін. Кейбір адамдарда бұл қиындықтар тудырып, 
мазмұнға қайта оралмастан бұрын үзілісті қажет еткізуі мүмкін. Сол себепті 
анимацияларды пайдаланбауды және тез жыпылықтайтын немесе қозғалатын 
контентпен жұмыс істемеуді ұсынамыз. Минутына үш реттен көп 
жыпылықтайтын контент оқуда қиындықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін
[88].


101 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет