қатарына қосу. «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деп,
адам атына терең мән беріп, жоғары талап қойған Абай өз
шығармаларында адамның жаратылысы мен өсіп - жетілуін, адам болу
жолы мен адамдықтан шығатын жаман істерді атап көрсетеді.
«Толық адам» бейнесін көрсететін, дәлірек жеткізетін басты өлеңдерінің
бірі – «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі. Абайдың 1898 жылы
жазған өлеңдерінің бірі. Тақырыбы: Ақыл, қайрат, жүрек бірлігі. Идеясы:
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған» адам ғана «толық адам» бола
алады. «Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек».
Бұл жерде жүрек – қағылез, сергек сезімде, ал қайрат – байсалды
сабырлылық пен табанды төзімділікті тудыратын қасиет. Тәрбиелілігі:
Қазіргі кезде біреу жүрекке бағынса, біреуі ақылға бағынса, біреуі
қайраттың жетегінде кетеді. Ақыл, қайрат, жүрек бірлігі ғана адамды
«толық» етеді. Ақын бұл өлеңінде ақылды бәрінен бұрын қойған
.
Достарыңызбен бөлісу: