Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия



Pdf көрінісі
бет56/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
Философия ответы

Постиндустриалды қоғам 
— қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін 
қалаған Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский, Дж.Гэлбрейт, т.б. 
Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми 
айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа 
мазмұнға ие болды. 
Постиндустриалдық Қоғам - экономикалык дамыған елдердің 
"индустриялықтан", "индустриялықтан кейінгі" қоғам типіне өтуімен 
сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін ұғым. 
 
65.Адамзат тарихы: өткені-бүгіні-болашағы. Тарихтың мақсаты, мәні, 
бағыты мәселесі. Адамзат тарихының бірлігі мен көптүрлілігі.
Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) 
және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс-әрекеттері 
нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның 
басқа адамсыз күні жоқ, о бастан-ақ ол өз болмысын басқаларсыз 
қарастырмаған. 
Адамның дүниеге қарым-қатынасының мәнін ашу – негізгі міндеті болып 
табылатын философия қоғамды жан-жақты зерттеп, оның түпкі 
заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған. 
Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін 
ашатын бөлімі – әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас 
динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін 
анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды, әлеуметтік 
процестердің қисынын түсіндіреді. 


Әлеуметтік философия дегеніміз – қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын 
түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Социология 
қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. 
Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы. 
Әлеуметтік философия мен социология бірін-бірі толықтырады. Ғылыми 
білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге 
отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. 
Дегенмен
, қоғамды 
философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы 
бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі көріністерге өте бай. 
Оның терең қабаттарына бойлай отырып, заңдылықтарын анықтау оңай жұмыс 
емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе 
алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл-
ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі 
ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың 
дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт қажет. 
«Өмірдегі ең дана нәрсе – уақыт» - деген қазақ халқы түйіндеген пікір 
кездейсоқтық емес. Мұны қоғамның күрделі, қат-қабат болмысы айқын 
дәлелдейді. Қоғам дамуының маңызды заңдылықтары XIX – XX ғасырлардың 
алып ойшылдары Гегель, К.Маркс, П.Сорокин шығармашылығында ашылған. 
Қоғам – материя қозғалысының жоғарғы деңгейі. Оның қалыптасуының негізгі 
факторы еңбек болып табылады. Еңбек ете отырып, адам еңбегімен жасалған 
болмыс қоғам деп аталады. 
Адам тарихта екі түрлі «ипостась» немесе қырда өмір сүрді. Ол – бір жағынан, 
тарихтың алғы шарты, екінші жағынан оның нәтижесі. Өйткені алғашқы тарихи 
іс-әрекеттің иесі – пенде. Оны іс-әрекетке итермелейтін негізгі күш – қоршаған 
ортадағы өз болмысын сақтау, ұрпақ жалғастыру, тағы басқа қажеттіліктер, 
оның терең тамыры өмір сүру мен дамуға жұмсалған қуаттың орнын толтыруда 
жатыр. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуынан кейінгі маңызды секіріс 
адамның қоршаған дүниені жаңғыртуға бағытталған мақсатты еңбегінен 
туындайтын оған тән қажеттіліктер жүйесінің қалыптасуы десек артық 
айтқандық болмас еді. 
Адам жетілген сайын оның қажеттілктері де көбейеді, тереңдейді. Адамдардың 
бір-бірімен араласуының, достасуының, білуге деген құштарлықтың, ақиқатқа, 
мейірімділікке, сұлулыққа ұмтылуының оның тіршілігіндегі аса зор 
қажеттілікке айналғанына таң қаласың. Қажеттіліктердің табиғаты қоғам 
дамуымен тығыз байланыста. Мысалы, барынша қара дүрсін шаруашылық 
шеңберінен шыға алмаған орта ғасырлық адамның тіршілігінің ғылыми-
техникалық 
прогресс өркендеген
, электроника мен роботтар жұмыс істейтін 
қуатты демократиялық қозғалыстар, ақпарат тасқыны дүниесінде өмір сүретін 
осы замандағы адамдар тіршілігінен сапалық айырмашылығы бар. 
Әлеуметтік философиядан көрнекті еңбек жазған С.Э.Крапивенский адамды 
белсенді іс-әрекетке итермелейтін негізгі қажеттіліктерді төрт топқа бөлген. Ең 


алдымен, материалдық және рухани қажеттіліктер. Материалдық қажеттіліктер 
рухани қажеттіліктерден бұрын пайда болған. Өйткені адам шығармашылық, 
сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бақыт, қайғы мен қуаныш сезімдерінен 
рухани ләззат алу үшін өзіне қажетті материалдық игіліктермен, яғни, өзін 
тамақтандырып, киіндіріп, қозғалыс құралдарымен қаруландыруы қажет еді. 
Екіншіден, қоғамдық және жеке адам қажеттіліктері. Бұл екеуі бір – біріне тең 
болмайды, тіпті олардың арасында қайшылықтар жиі туындап отырады. Тарихи 
процестің әрбір субъектісі өз мүддесінен қоғам мүддесін жоғары қояды, соған 
өз іс - әрекетін бейімдейді деу тарихи аңқаулық, тіпті ақиқаттан алшақ кету 
болар еді. 
Үшіншіден, түпкі стратегиялық, ұзақ уақытқа бағытталған, сонымен қатар, 
кезеңдік сәттік қажеттіліктер. Адам да, қоғамда өз өмірін жоспарлап тіршілік 
етеді. Жоспарлау дегеніміз – ауқымды және қосалқы, жеке және жалпы 
міндеттерді анықтау деген сөз. Мысалы, ауқымды қажеттеліктерге қоғамның 
болашағын ғылыми түрде бағдарлай отырып, оның өркениет жолында дамуына 
жағдай жасайтын мүдделерді анықтап отыру жатады. 
Сонымен қатар
, қоғамда 
кезек күттермейтін бүгінгі таңда шешуді керек ететін мүдделер де бар. 
Төртіншіден, адам мен қоғамның дамуынан тікелей туындамайтын, бірақ оған 
қажет кейбір қызығу объектілері. Адамдарда бұлар көпжақты болатыны 
соншалықты, кейбіреулері оның өмір сүруіне кері әсер етуі мүмкін. Мұндай 
жағдайдың мысалы ретінде маскүнемдік, нашақорлық сияқты әлеуметтік 
ауруларды атауға болады. 
Адамдар өзін қоршаған ортадағы табиғат күштері мен заттарын ғана өзгертіп 
отырмайды, олар өздерінің бір – біріне қатынастарын да өзгертіп, қайта 
жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет