Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия


Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде



Pdf көрінісі
бет51/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Байланысты:
Философия ответы

 
60.Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.
«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы 
дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ 
ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің 
шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын., пәндік ерекшеліктерін
оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын 
тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, 
социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және 
өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам 
туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары
ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала 
бастады.
Қоғам философиялық ұғым ретінде.
Бүгінгі қоғам анықтамасы көп қырлы. Бірнешеуіне тоқталайық: қоғам – бұл 
барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғам дегеніміз адамдардың алуан 
түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. 
Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және 
оған тәуелді. Адамзат қоғамы – табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ 
уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі 
барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші. Жалпы 
алғанда, қоғамның жалпы анықтамасы былай көрінеді: қоғам – бұл адамдар мен 
оларға тән қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан нысандарының 
жиынтығы.


Қоғамды зерттеу кезінде оның көптеген қарым-қатынастары мен 
интерпретациясы бар деп санауға тура келеді. Әртүрлі, көбінесе қарама-қайшы 
және бір-бірімен үйлеспейтін қоғамның теориясы мен модельдері, оның 
құрылымы, элементтері, ерекшеліктері бар. Қоғамның философиялық ұғымы екі 
басты белгіні қамтиды:
- қоғам табиғаттың оқшауланған бөлігі;
- тұтас байланысты бола отырып, бұл бөлік өзінің ерекше заңдары бойынша 
дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет